Қазақстанның жастар чемпионатының Түркістан мен Теміртау қалаларындағы ойындарын бақылаймыз.
«Барыс» «Тұранға» тағы да мүмкіндік қалдырмады. Елордалық ұжым үшін екінші кезең ерекше нәтижелі болды: осы аралықта олар қарсылас қақпасына бес шайба соқты. Әділхан Саттар мен Святослав Харченко қарсыластарын екі реттен қапы қалдырса, Тамерлан Тілеубаев әріптестеріне үш нәтижелі пас берді.
«Тұран Тайгерс» - «Барыс» 1:9 (0:2, 0:5, 1:2)
0:1 - 05:00 - Харченко (Гафуров)
0:2 - 19:44 - Айтмағамбетов (Мұқашев, Тілеубаев)
0:3 - 23:21 - Аманғалиев (Харченко)
0:4 - 26:23 - Саттар (Айтмағамбетов, Тілеубаев)
0:5 - 34:18 - Толстунов (Елдес, Әбілбеков)
0:6 - 35:26 - Крутский (Аманғалиев, Куминов)
0:7 - 37:01 - Саттар (Тілеубаев, Айтмағамбетов)
0:8 - 47:59 - Задорожный (Гафуров, Харченко)
0:9 - 53:47 - Харченко
1:9 - 55:35 - Курносенко (Камалов)
Қақпашылар:Мельников (Камбаров, 37:01-60:00) - Кучковский
Кешегі «Арланнан» жеңілгеннен кейін «Кармет» тиісті қорытынды шығарып, бүгін көкшетаулық қарсыластарын ойсырата жеңді. Кездесудің ең нәтижелі ойыншысы Илияс Даулетбек атанды (2+2). Али Нұрқанов (1+2) пен Эдуард Ольденбургер (0+3) үш ұпайдан жинады. Сонымен қатар «сары-қаралар» лигада 100 шайба межесінен алғаш болып асты. Жеңіс шайбасын Алмас Айтқожа соқты.
«Кармет» - «Арлан» 11:1 (3:0, 1:0, 7:1)
1:0 - 05:36 - Айтқожа
2:0 - 07:16 - Дәулетбек (Винтовкин, Нурбеков)
3:0 - 19:22 - Стариненко (Рублёв, Ольденбургер) ГБ
4:0 - 24:38 - Песегов (Сторчак, Нұрқанов)
5:0 - 41:07 - Дәулетбек (Быков) ГМ
6:0 - 46:55 - Маринин (Дәулетбек, Нұрқанов)
7:0 - 48:23 - Рублёв (Ольденбургер)
8:0 - 49:11 - Винтовкин (Нурбеков, Дәулетбек)
9:0 - 51:21 - Нұрқанов (Ольденбургер, Кошеляев)
10:0 - 51:41 - Нұрқанов (Сторчак, Песегов)
11:0 - 57:19 - Забурдяев (Нұрқанов)
11:1 - 59:59 - Тукин ГБ
Қақпашылар: Илларионов - Аминов (Ибраев, 49:46-53:22)
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Qarmet
Barys
Almaty
Torpedo
Sunqar