Барыс Алматыны ойсырата жеңді, Сұңқар Ақтөбеден басым түсті

22 qazan
161

Қазақстан жастар чемпионатының Алматы мен Ақтөбедегі матчтарын бақылаймыз.

Маусым көшбасшыларының оңтүстік астанадағы алғашқы кездесуінде «Барыс» сенімді түрде жеңіске жетті. Елордалық ұжым сапында Кирилл Задорожный мен Хаким Кубатаев дубль авторлары атанды. Тамерлан Тілеубаевтың еншісінде үш нәтижелі пас бар. Алаң иелері сапында Матфей Катасонов бір гол соқты. Осы жеңістен кейін «Барыс» жинаған ұпай саны бойынша «Алматымен» теңесіп, қосымша көрсеткіштер бойынша екінші орынға көтерілді.

«Алматы» - «Барыс» 1:7 (0:1, 0:3, 1:3)

0:1 - 01:30 - Задорожный (Саттар)

0:2 - 21:32 - Толстунов (Тен, Гафуров)

0:3 - 23:52 - Кубатаев (Кравцов, Толстунов)

0:4 - 36:06 - Кубатаев (Гафуров, Аманғалиев) ГБ

0:5 - 44:57 - Задорожный (Айтмағамбетов, Тілеубаев)

0:6 - 48:33 - Айтмағамбетов (Тілеубаев, Крутский)

1:6 - 50:52 - Катасонов (Двуреченский)

1:7 - 54:38 - Саттар (Тілеубаев)

Қақпашылар: Павлов (Колесник, 54:38-60:00) - Кравцов (Кучковский, 52:34-60:00)

Батыс командаларының тартысында бүгін «Сұңқар» басым түсіп, турнир кестесінде төртінші орынға көтерілді. Оралдықтар үшін жеңісті айқындаған шайбаның авторы Кирилл Костенко атанды. «Ақтөбенің» үш нәтижелі шабуылына Савелий Потапов (1+2) қатысты, ал қақпашы Кирилл Шпигун 45 сейв жасады. Алайда бұл алаң иелеріне бүгінгі матчта ұпай жинауға көмектеспеді.

«Ақтөбе» - «Сұңқар» 3:6 (0:1, 1:2, 2:3)

0:1 - 11:04 - Феоктистов (Маликов, Блохин)

1:1 - 25:36 - Сахи (Каденов, Потапов)

1:2 - 26:57 - Чудинович (Черников)

1:3 - 33:27 - Черников (Чудинович)

2:3 - 45:25 - Артамонов (Алиев, Потапов) ГБ

2:4 - 47:48 - Костенко (Феоктистов)

2:5 - 48:44 - Стратинский (Михеев, Богайчук)

3:5 - 51:25 - Потапов (Артамонов)

3:6 - 59:41 - Маликов (Стратинский) ПВ

Қақпашылар: Шпигун - Яговкин


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.