Jastar Ligasy жарысында қыркүйек айының үздік шабуылшысы атанған «Арлан» командасының ойыншысы Батраз Алборов өзіне берілген марапатқа қатысты пікір білдірді.
– Батраз, құттықтаймыз! Бұл марапат сен үшін нені білдіреді?
– Бұл марапат мені қатты қуанытты. Және бұл жетістікке жетуде өз еңбегімнен бөлек, командамның да қосқан үлесі зор екенін түсінемін. Бұл марапат қарсыластарға қарамастан, алға қарай ұмтылуыма мотивация береді. Шынымды айтсам, мұндай марапатты күтпедім. Өзім, командам және жаңа жеңістер үшін бар күшімді саламын.
– Қыркүйек айында ең қатты есте қалған сәт немесе шайба қайсы?
– Ең алдымен, «Ақтөбе» қақпасына овертаймда соққан шайбам есімде қалды. Осындай тартысты ойында шешуші гол соққаныма қатты қуандым.
– Шабуылшы позийиясында ең қиыны не?
– Ең қиыны – ойын күнтізбесі тығыз болғандықтан, бүкіл маусым бойы тұрақты ойын деңгейін сақтап қалу. Қазіргі уақытта голдық мүмкіндіктерді, соның ішінде сан басымдығын тиімді пайдалануға көп көңіл бөліп жүрміз.
– Маусымның қалған бөлігіне қандай мақсаттар қойып отырсың?
– Қазіргі уақытта командамыздың алдына қойған ең басты бастапқы мақсаты – плей-офф кезеңіне шығу.
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Qarmet
Barys
Almaty
Torpedo
Sunqar