Леонид Кравцов: «Осы қарқынды жалғастыру керек»

5 qarasha
104

Jastar Ligasy-ның қазан айындағы үздік қақпашысы атанған «Барыс» ойыншысы Леонид Кравцов өзіне берілген атаққа қатысты пікір білдірді.

– Леонид, айдың үздік қақпашысы атануыңмен құттықтаймыз! Әсеріңмен бөліссең.

– Рақмет! Айдың үздік қақпашысы атанғаныма өте қуаныштымын. Енді осы қарқынды жалғастыру керек!

– «Барыс» қазан айын жеңіліссіз аяқтады. Команда мұндай нәтижеге ненің арқасында қол жеткізді деп ойлайсың?

– Менің ойымша, барлық матчта сенімді жеңіске жетуіміздің басты себебі – гол соғу мүмкіндіктерін тиімді пайдалануымыз.

– Қай матч ең қиын болды немесе басқаларынан ерекше есте қалды?

– Осы айдағы ең есте қалған матчтар – «Алматыға» қарсы кездесулер. Ірі есеппен жеңіске жеткенімізге қарамастан, қарсылас лайықты қарсылық көрсетті. Жігіттер ештеңеге қарамастан, соңына дейін күресті.

– Алда сені және Қазақстан жасөспірімдер құрамасын Минскідегі турнир күтіп тұр. Бұл тәжірибе туралы не айтар едің?

– Жасөспірімдер құрамасына шақырту алғаныма өте қуаныштымын! Бұл тәжірибенің болашақта үлкен пайдасы тиетініне сенімдімін. Команданың жігері жоғары, барлығы жеңіс үшін соңына дейін күресуге дайын!


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.