Тұран Тайгерс Астанада қарымта қайтарды

9 qarasha
72

Елордада «Астана» мен «Тұран» арасындағы қарымта кездесу өтті.

Қонақтар ойынның алғашқы бөлігін сәтті өткізіп, тартысты бәсекеде қарымта қайтара алды. Илья Чекалин мен сан басымдығы қарсылас жағында болған кезде көзге түскен Глеб Мартыновтың дәл соққылары түркістандықтарға екі ұпай әкелді. «Тұран» қақпашысы Владислав Мельников қарсыластың 37 соққысын қайтарды.

«Астана» - «Тұран Тайгерс» 1:2 (0:2, 1:0, 0:0)

0:1 - 00:51 - Чекалин (Плесовских, Мартынов)

0:2 - 18:45 - Мартынов (Плесовских) ГМ

1:2 - 33:58 - Графкин (Хидуанов, Шевченко)

Қақпашылар: Есен - Мельников


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.