Jastar Ligasy-ның қазан айындағы үздік шабуылшысы атанған «Барыс» ойыншысы Тамерлан Тілеубаев өзіне берілген атаққа қатысты пікір білдірді.
– Тамерлан, айдың үздік шабуылшысы атануыңмен құттықтаймыз! Бұл жаңалық сен үшін қаншалықты күтпеген жағдай болды?
– Шынымды айтсам, мұны мүлде күткен жоқпын. Бұған аса мән бермеппін, тіпті айдың үздік шабуылшысы атанамын деген ой да болған емес.
– «Барыс» қазан айын жеңіліссіз аяқтады. Команда мұндай нәтижеге ненің арқасында қол жеткізді деп ойлайсың?
– Біз белсенді әрі шабуылға негізделген хоккей ойнаймыз. Қарсылас аймағында көбірек әрекет етіп, барынша көп гол соғуға тырысамыз. Сонымен қатар өз қақпамызға аз шайба жібереміз. Менің ойымша, дәл осы ойын мәнері бізге жеңіске жетуге және чемпионатта жоғары нәтиже көрсетуге мүмкіндік беріп отыр.
– Сен қатарынан 10 матчта ұпай жинап келесің. Шабуылшы ретінде статистика сен үшін қаншалықты маңызды, әлде оған аса мән бермейсің бе?
– Менің ойымша, әрбір ойыншы әр матчта ұпай жинағысы келеді. Ал бұл қолыңнан келген кезде сол деңгейді сақтап, командаңа одан әрі пайда әкелуге тырысасың. Бұл жеке даму үшін де, команданың жалпы нәтижесі үшін де маңызды.
– Алда сені Қазақстан жастар құрамасының сапында Санкт-Петербургте өтетін халықаралық турнир күтіп тұр. Мұндай жарыстар жас хоккейшілердің дамуы үшін қаншалықты маңызды?
– Менің ойымша, мұндай турнирлер ең алдымен қазіргі деңгейіңді бағалауға, өз ойыныңа басқа қырынан қарауға және мықты қарсыластармен кездесулерде әлсіз тұстарыңды анықтауға мүмкіндік береді. Әрине, мұндай матчтар үлкен тәжірибе жинақтауға, сондай-ақ алға ұмтылып, одан әрі дамуға ынталандырады.
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Qarmet
Barys
Almaty
Torpedo
Sunqar