Алғашқы ойын күнінің аңдатпасы

14 qyrkúıek
1191

Ертең бес қалада 2021-22 жылғы Қазақстан жастар чемпионатының алғашқы жекпе-жектері өтеді.

«Барыс» – «Мұнайшы»

Қазіргі чемпион өз алаңында павлодарлық «Мұнайшыны» қабылдайды.

«Арлан» – «Алматы»

Көкшетауда «Арлан» мен «Алматы» маусымның алғашқы матчын өткізеді.

«Құлагер» – «Барыс-Жас»

Петропавлдық ұжым ҚР жастар кубогіндегі жеңілісі үшін өз алаңында «Барыс-Жастан» қарымта қайтаруға тырысады.

«Астана» – «Қыран»

«Қыран» «Астанаға» қонаққа келді.

«Ястребы» – «Торпедо»

Турдың негізгі жекпе-жегінде жастар Кубогінің қазіргі иегері «Торпедодағы» қарсыластарымен ойнайды.

«Ақтөбе» – «Горняк»

Ойын күнінің бағдарламасын ел батысында «Ақтөбе» мен «Горняк» аяқтайды.