15 қарашадағы матчтардың аңдатпасы

14 qarasha
1198

Сенбі күні Қазақстанның жастар чемпионаты үш матчпен жалғасады.

(13:00) "Барыс-Жас" чемпионат аясында өз алаңындағы алғашқы матчын өткізеді. Елордалық ұжым «Арланды» қабылдайды.

(15:30) JastarLigasy-ның аралық көшбасшысы"Барыс" Қарағандыда «Қыранмен» ойнайды.

(17:00) Кеше жаңа маусымдағы алғашқы жеңісіне жеткен «Астана» «Құлагермен» де қақтығыста жеңіс тұғырынан көрінуге тырысады.

Матчтардың басталуы елорда уақытымен көрсетілген.

Барлық матчтардың тікелей көрсетілімдерін сайтымыздан тамашалауға болады. Оларды ресурстың жоғарғы бөлігінде ойындар тізбегінен таба аласыздар.