Қазақстан жасөспірімдер құрамасының бас бапкері команданың Минскіде өтетін «Президенттік клуб кубогіне» дайындығы туралы айтып берді. Турнир 17 жасқа дейінгі ойыншылар арасында өтпек.
- Жігіттердің бір бөлігі U-18 Қазақстан жасөспірімдер құрамасының сапында болады. Әлем чемпионатына да қатыса алады, себебі құрамның негізгі бөлігі 2004 жылғылар, 2005 жылғы ойыншылар көп емес. Алдағы турнирде негізінен 2005 жылы туылған хоккейшілер ойын көрсетеді. Біз сонымен қатар 2004 жылғы төрт жігітті іріктеп алдық. 22 адамды топтастырдық, бүкіл ойыншылар құрамы осы. «Барыс», «Барыс-Жас», өскемендік «Торпедо» және «Астана» ХК командаларындағы жігіттер. Алғашқы күні дайындық болып өтті, жігіттерді бақыладық, екінші күні 2004-2005 жылғыларды біріктіріп, екіжақты матч ойнаймыз. 10 қараша күні таңмен ерте ұшамыз, жаттығу өткізіп, 11 күні алғашқы ойынға шығамыз.
- Бұл турнирге алғашқы қатысуымыз ба?
- Иә, ұсыныс білдірді. Баратынымыз жақсы болды. Барлық құрамалар мұндай жасында ойынға әбден араласып үлгереді, бізде де осылай жалғасын тапсын деп тілейміз.
- Құрама ойыншылары үшін мұндай сапарлар қаншалықты маңызды?
- Өте маңызды. Барлық сапарлардың, шетелдік командалармен ойнаудың, халықаралық тәжірибенің тек оң нәтиже беретіні дәлелденген.