​Қазақстан құрамасы жастар арасындағы әлем чемпионатының бірінші матчында жеңіске жетті

12 jeltoqsan
1299

Венгрия – Қазақстан матчы бірінші дивизионның А тобында хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионатын ашты.

Біздің хоккейшілер ойынның бірінші минутынан-ақ есеп бойынша алға шықты, Абай Мангисбаев Қазақстанның біріншіліктегі бірінші голын салды. Бірінші кезеңде қос қарсыластың да ойыншылары жиі аластатылды, венгрлердің қақпасына екінші шайбаны Всеволод Логвин аттандырды. Ойынның екінші кезеңінде Дмитрий Колодюк командамыздың үстемдігін арттырды. 7 минуттан кейін қарсылас бір шайба салды. Нәтижесінде кездесу Қазақстан құрамасының жеңісімен аяқталды.

Венгрия – Қазақстан 1:3 (0:2, 1:1, 0:0)

0:1 – 00:42 - Мангисбаев (Цыбин)

0:2 – 18:56 - Логвин (Касенов, Алибек) ГБ

0:3 – 25:49 – Колодюк (Александров, Шайхмедденов)

1:3 – 33:31 - Шлекман (Тот, Ортенски)

Қақпашылар: Орос - Павленко