​Қазақстан құрамасы Норвегиядан жеңілді

13 jeltoqsan
1270

Әлем чемпионатының екінші матчын Қазақстан жастар құрамасы норвегиялықтарға қарсы өткізді.

Бірінші кезеңде теңдей ойын көрсетті, қарсылас артық құраммен ойнады, алайда есеп аша алмады. Екінші кезең қарсыластың еншісінде болды. Норвегиялықтар қатарынан төрт шайба салды. Осыдан кейін Қазақстан қақпасында Максим Павленконы Джелал-ад-Дин Әмірбеков ауыстырды. Үшінші кезеңде Истоминнің ойыншылары екі гол салып, есе қайтарды: Алдияр Нұрлан мен Дінмұхамед Қайыржан көзге түсті. Алайда норвегтер бесінші шайбасын салып, жеңіске жетті.

Қазақстан – Норвегия – 2:5 (0:0, 0:4, 2:1)

0:1 - 29:15 - Даль (Энгебратен, Джонсен)

0:2 - 32:09 - Альсен (Оби-Олсен)

0:3 - 36:09 - Тригг (Олсен, Джонсен) ГБ

0:4 - 38:55 - Страндборг (Тригг)

1:4 - 46:32 - Нұрлан (Қасенов, Логвин)

2:4 - 47:12 - Қайыржан (Шайхмедденов)

2:5 - 49:23 - Энгебратен (Элвсвин)

Қақпашылар: Павленко (Әмірбеков, 40:00 - 60:00) - Стенсруд