​Александр Истомин: «Өмір тоқтап қалған жоқ, әрі қарай кеттік»

13 jeltoqsan
2121

Норвегиямен матчта Қазақстан жастар құрамасы 2:5 есебімен жеңілді. Төрт гол ойынның екінші кезеңінде салынды.

Бас бапкер Александр Истомин өткен матчқа қатысты ҚХФ баспасөз қызметіне сұхбат берді.

- Нәтиже таблода демекші. Өкінішке орай, екінші кезеңде құрдымға кеттік. Ойынның барысы түсінікті болды. Алайда үшіншіде екі жылдам гол салып, жарады. Ойын барысын өзгертуге тырыстық, өкінішке орай болмады. Бірінші кезең – жақсы, екінші кезең – әлсіз, ал үшінші кезең орташа өтті.

- Екінші кезеңде соққылар бойынша қарсылас айтарлықтай басым болды – 2:23?

- Біз өз аймағымызда ғана ойнадық, айтатыны жоқ, осалдық таныттық.

- Үшінші кезеңде Аңсар Шайхмедденовті қорғаныстан шығарғаныңызды байқадық. Ол екі гол пасын берді, бұл тактикалық нұсқау ма?

- Әлденені өзгерту қажет болды. Аңсар Шайхмедденов қорғаныста адам жетіспегеннен ойнап жүр.

- Келесі қарсылас – Дания…

- Өмір тоқтап қалған жоқ, әрі қарай кеттік, алдағы 3 ойынға дайындалу үстіндеміз. Түптеп келгенде, бұл – ойын, мықтылар жеңеді. Норвегтер бүгін мықтырақ болды.