​Даниил Цыбин пен Владислав Команров. Беларусьпен матчтан кейінгі пікірлер

17 jeltoqsan
2081

Беларусьпен матчта Қазақстан құрамасы екі шайба салды.

Шабуылшы Даниил Цыбин өзінің алғашқы голын салды. ҚХФ баспасөз қызметіне берген сұхбатында ойыншы өткен ойынды қорытындылады:

- Кей тұста асығыстық таныттық, қысым көрсеткен сәтте шыдай тұрып, қорғаныста ойнау керек еді. Алайда гол салу қажет болды, аластатулар болды. Қарсылас кезеңдерді жақсы бастап отырды. Мен салған голға қатысты, Коля Шульга тамаша пас берді, бос қақпаға салмау кешірілмес айып болар еді. Латвияға қатысты: ойындарын, құрамдарын да сәл-пәл қарадым. Жеңу үшін шығамыз, бір-біріміз үшін, Қазақстан үшін барымызды саламыз.

Сондай-ақ матчқа қатысты командамыздың қорғаушысы Владислав Комаров пікір білдірді:

- Есеп таблода, қарсылас бізге соққыны үйді, қақпашымыз Максим Павленконың ойынын ерекше атап өткім келеді, соққылардың көпшілігіне тойтарыс берді, барын салды. Қазір командамен ақылдасып, олқылықтарды анықтап, демалатын боламыз. Иә, қарсылас соққыны үйді, Максқа рақмет, бізді құтқарды. Ойынға селқос шығу деген болған жоқ, мұншалықты белсенді ойынға кей тұстарда дайын болмаған шығармыз, бұл жөнінде бізді ескертті, не болғанын білмеймін. Ойын көбіне позициялы болды, біздің аймақта, алайда онда тұрған ештеңе жоқ, барлығы өз функцияларын біледі және орындайды. Ертең дайындық, дайындалып, латыштарға қарсы көтеріңкі көңіл күймен шығамыз.