Жастар арасындағы әлем чемпионатының қорытынды матчында Қазақстан құрамасы Латвия командасымен кездесті. Есепті қарсылас ашып, көпшілік құраммен Дарелс Дукурс гол салды. Екінші кезеңде Абылайхан Сүлейменов үлкен бес минуттық айыпқа ұшырап, артық құраммен ойнаған кезеңнің соңына қарай есеп айырмашылығын арттырды, ал үшінші кезеңде артық құраммен тағы бір гол салды. Қазақстан құрамасы бір шайба салуға мүмкіндік алды, Николай Шульга қарсыластың қақпасын ашты. Есеп – 1:3, жеңіс Латвияға тиесілі.
Қазақстан – Латвия – 1:3 (1:0, 1:0, 1:1)
1:0 – 16:25 – Дукурс (Брантс, Ансонс) ГБ
2:0 – 32:08 – Силкалнс (Лавинс, Гаварс) ГБ
3:0 – 51:37 – Гаварс (Ансонс, Бергиманис) ГБ
3:1 – 52:13 – Шульга (Цыбин)
Қақпашылар: Амирбеков – Бруберис
Осылайша, Қазақстан құрамасы төртінші орын алды және келесі жылы элитаға жолдама алу үшін тағы тартысқа түседі. Бірінші орынды турнирде 5 рет жеңіске жеткен Беларусь құрамасы алып, топ-дивизионға шықты. Ұпай жинамаған Венгрия бірінші дивизионның В тобына түсті, оның орнын Франция иеленді.