Pro және Jastar Ligasy чемпионаттары 24 қаңтарда жалғасады деп жоспарланып отыр

10 qańtar
916

Хоккейден жастар мен ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаттары жалғасатын болжамды күн белгілі болды.

Елде төтенше жағдай енгізілуіне байланысты орын алған кідірістен кейінгі алғашқы матчтар 24 қаңтар күні өтуі тиіс. Олар Қазақстандағы ахуал тұрақталған, сондай-ақ ТЖ режимі алынып тасталған жағдайда ғана өтеді.

Pro Ligasy чемпионатында бұл күнге бес жекпе-жек жоспарланып отыр. Сонымен қатар бұл күні Jastar Ligasy аясында үш кездесу өтеді.

Жаңартылған кестеге сәйкес, ересектер чемпионатының тұрақты чемпионаты 7 наурызда аяқталады, плей-оффтың басталуы 11 наурызға белгіленген. Жастар біріншілігінің тұрақты чемпионатының қорытынды текетірестері 22 ақпанда өтуі тиіс, 25 ақпан күні ширек финалдардың алғашқы жекпе-жектері өтуі қажет.

Актуалды кесте сайтымыздың тиісті бөліміне жарияланды.