Барыс-Жас – Ақтөбе. Плей-офф алдында

23 aqpan
1704

Қазақстан жастар чемпионатының медальдары үшін күресетін қарсылас жұптарды талдауды бастаймыз.

«Барыс-Жас» Нұр-Сұлтан (тұрақты чемпионаттың қорытындысы бойынша 4-орын) - «Ақтөбе» (5)

Жеңістер/ұпайлар: 30/90 – 28/84

Салынған шайба: 228 – 190

Өткізілген шайба: 147 – 136

Жекпе-жек кездесулер: 5:4, 2:5, 8:5, 5:3

Үздік бомбардир: Кирилл Ляпунов (68 ұпай, 39+29) – Андрей Кураков (67 ұпай, 28+39)

Жекпе-жектің үздік бомбардирі: Артур Гросс (9 ұпай, 3+6) – Владислав Плотников (8 ұпай, 8+0)

«Барыс-Жас»– чемпионаттың нәтижелілік бойынша екінші командасы. Орта есеппен елордалық ұжым тұрақты чемпионаттың әр ойынында 5,18 шайба салды.

Команданың үздік бомбардирлері Ляпунов пен Кураков Лиганың ең нәтижелі ойыншыларының ондығына кіреді.

«Барыс-Жас» пен «Ақтөбенің» ағымдағы маусымдағы жекпе-жектері голға бай болды. Төрт матчтың әрбірінде көрермен кемінде жеті шайба салынғанын көрді.