Барыс – Астана. Плей-офф алдында

24 aqpan
1686

Қазақстан жастар чемпионатының медальдары үшін күресетін қарсылас жұптарды талдауды жалғастырамыз.

«Барыс» Нұр-Сұлтан (1) - «Астана» Нұр-Сұлтан (8)

Жеңістер/ұпайлар: 36/111 – 20/62

Салынған шайба: 246 – 200

Өткізілген шайба: 107 – 192

Жекпе-жек кездесулер: 4:2, 9:0, 4:3, 8:2

Үздік бомбардир: Игорь Кисель (77 балл, 33+44) – Никита Бондарев (47 балл, 19+28)

Жекпе-жектің үздік бомбардирі: Илья Шапоров (6 балл, 3+3) – Александр Мигунов (3 балл, 2+1)

«Барыс» чемпионаттың ең нәтижелі командасы, сонымен қатар қорғаныста ойнау бойынша ең сенімді ұжымы болып отыр. Салынған және өткізілген шайбалар айырмашылығы +133.

«Барыс» пен «Астананың» барлық төрт жекпе-жек кездесулері Александр Березенскийдің командасының жеңісімен аяқталды. Олардың бірінде «Астана» тіпті қарсыластың қақпасын аша алмады.

«Барыстың» үздік бомбардирі Игорь КисельЛиганың ең нәтижелі ойыншыларының үштігіне енді.