Торпедо – Ястребы матчы 18 наурыз күні өтеді

15 naýryz
1536

Республикалық жарыстар өткізу бөлімі «Ястребы» және «Торпедо» командалары арасындағы жартылай финалдық серияның бесінші матчы кейінге шегерілетіні туралы хабарлайды.

Әуе және т/ж билеттерінің жоқтығына, нәтижесінде серияның бесінші матчын бұған дейін белгіленген күні Оралда өткізу мүмкіндігінің жоқтығына байланысты кездесу 2022 жылдың 18 наурызына қалдырылады.