Қыран Кубоктегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді, Ястребы мен Торпедо өз топтарында көш бастады

4 qyrkúıek
700

Jastar Ligasy Қазақстан Кубогінің төртінші ойын күнін қорытындылаймыз.

«Қыран» нәтижелі тартыста «Мұнайшының» арынын басты. Бұл – қарағандылықтардың турнирдегі алғашқы жеңісі. Алаң иелері құрамынан Вячеслав Белоус дубль жасады, Даниил Свинтальский нәтижелілігі үшін 5 (1+4) балл жинады. Павлодарлықтардан Михаил Гулый екі нәтижелі соққы жасады.

«Мұнайшы» - «Қыран» 5:7 (1:1, 1:3, 3:3)

0:1 - 13:09 - Алламов (Симонов, Белоус) ГБ

1:1 - 18:16 - Мальцев (Семенов, Чигаев) ГБ

1:2 - 24:03 - Белоус (Свинтальский) ГМ

1:3 - 30:31 - Симонов (Свинтальский)

2:3 - 32:15 - Гулый (Бутенко)

2:4 - 35:01 - Свинтальский (Белоус)

2:5 - 45:03 - Шиманович (Свинтальский)

2:6 - 46:03 - Хусаинов (Телегин)

3:6 - 54:41 - Сейсембаев (Гулый)

4:6 - 56:14 - Семенов

5:6 - 59:03 - Гулый (Мальцев) ГБ

5:7 - 59:30 - Белоус (Свинтальский)

Қақпашылар: Гущин (Костоев, 46:03-60:00) – Коваль

«Ястребы» «Астанамен» жекпе-жекте үш рет артық құрам ұйымдастырып, қорғаныста мығым ойнады. Николай Быканов қарсыласты екі рет састырды, ал қақпашы Руслан Какенов 23 соққыға тойтарыс берді. Осы жеңісінен кейін оралдық ұжым В тобының көшін бастады.

«Астана» - «Ястребы» 0:4 (0:1, 0:2, 0:1)

0:1 - 11:52 - Быканов (Терещенко, Рахимов)

0:2 - 25:12 - Сауриков (Буланов, Камиден) ГБ

0:3 - 31:58 - Бастаногов (Терещенко, Рахимов) ГБ

0:4 - 47:10 - Быканов (Терещенко, Рахимов) ГБ

Қақпашылар: Габдуллин - Какенов

«Құлагер» «Торпедомен» кездесуді жақсы бастап, есеп бойынша екі шайба алға кетті. Алайда әрі қарай петропавлдықтар ойын өрнегін жоғалтып, мұны қарсылас ұтымды пайдаланды. Қатарынан төрт шайба салған өскемендіктер ойынды өз бақылауына алып, екінші жеңістеріне қол жеткізді. Бұл оларға С тобында бірінші орынға шығуға мүмкіндік берді.

«Құлагер» - «Торпедо» 3:6 (1:0, 1:3, 1:3)

1:0 - 03:00 - Сергушкин (Харисов, Емельянов) ГБ

2:0 - 24:38 - Букарь (Пиниди)

2:1 - 32:08 - Якубджанов (Тютюньков Я., Омельковец)

2:2 - 34:59 - Тютюньков Д.

2:3 - 37:07 - Попов (Хан, Тютюньков Я.)

2:4 - 42:27 - Тютюньков Я. (Стальмаков) ГБ

3:4 - 53:13 - Свириденко (Емельянов, Капкайкин)

3:5 - 53:58 - Хан (Омельковец, Тютюньков Я.)

3:6 - 59:42 - Стальмаков

Қақпашылар: Коваль - Осокин

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.