Барыс қатарынан үшінші матчта жеңіске жетті

5 qyrkúıek
696

Қазақстан жастар кубогінің топтық кезеңі аяқталуға таяды.

«А» тобының көшбасшысы «Барыс» «Алматымен» текетіресте аса қиналмады. Оңтүстік астаналық ұжым құрғақ жеңілістен құтылып кетті, бұл ретте өз қақпасына жеті шайба өткізді. Кирилл Канкин дубль жасады. Осылайша, Сергей Старыгиннің ойыншылары қатарынан үшінші рет жеңіске жетіп, Кубоктің финалдық раундына қарай маңызды қадам жасады.

«Барыс» - «Алматы» 7:1 (1:0, 3:0, 3:1)

1:0 - 13:03 - Канкин (Мигунов, Левковец)

2:0 - 23:03 - Шульга

3:0 - 37:43 - Ляпунов (Симонов)

4:0 - 38:46 - Жусупбеков (Канкин, Мигунов)

5:0 - 51:02 - Левковец (Мигунов)

6:0 - 52:56 - Морожников (Ермак, Шульга)

6:1 - 54:03 - Зяблов (Филимонов, Бабиков)

7:1 - 55:07 - Канкин (Жусупбеков)

Қақпашылар: Никитин - Колесников (Рудковский, 40:00-60:00)

«Барыс-Жас» «Горнякты» тырп еткізбеді. Жас елордалық ұжым екінші кезеңді екпіндетіп өткізіп, турнирдегі екінші жеңісіне қол жеткізді. Абзал Алибек хет-трик жасады. Рудныйлықтардан екі нәтижелі соққыны Михаил Слепухин жасады. Тимур Ержеповтің ұжымын алда «Ястребы» командасымен В квартетінің шешуші матчы күтіп тұр.

«Барыс-Жас» - «Горняк» 8:4 (3:1, 4:0, 1:3)

1:0 - 06:54 - Алибек (Оразбаев, Саркенов)

1:1 - 09:05 - Пархоменко (Утебаев)

2:1 - 15:18 - Потапов (Шарапов, Оразбаев)

3:1 - 17:33 - Алибек (Трегубов, Перкин)

4:1 - 22:39 - Саркенов

5:1 - 23:27 - Алибек

6:1 - 25:41 - Кажибеков

7:1 - 25:43 - Бикситов (Большедворский)

7:2 - 40:21 - Утебаев (Буб, Пархоменко)

8:2 - 41:05 - Шарапов

8:3 - 56:06 - Слепухин (Ишин) ГБ

8:4 - 58:50 - Слепухин

Қақпашылар: Толеубай – Пахоленко

«Жас-Батыр» Кубоктің финалдық бөлігіне шығу жолындағы тартысқа қосылды. Атыраулықтар «Мұнайшымен» кездесуді айтарлықтай сенімді өткізіп, қазіргі таңда А тобында екінші қатарға шықты. Дубль Владислав Жабуниннің қоржынында, Илья Харченко бес нәтижелі пастың авторы атанды.

«Жас Батыр» - «Мұнайшы» 5:2 (2:0, 2:1, 1:1)

1:0 - 04:55 - Жабунин (Харченко)

2:0 - 09:29 - Жабунин (Харченко)

2:1 - 20:36 - Мальцев ГМ

3:1 - 26:42 - Олихвер (Харченко, Жабунин)

3:2 - 36:32 - Воронцов (Сейсембаев, Абенов)

4:2 - 48:05 - Садыков (Харченко, Жабунин) ГБ

5:2 - 53:13 - Олихвер (Харченко) ГБ

Қақпашылар: Ваганян – Гущин

«Арлан» «Ақтөбенің» қақпасын аша алмады. Кездесудің басты қаһарманы – 23 соққыға тойтарыс берген батысқазақстандық команда қақпашысы Глеб Раков. Алайдар Актаев хет-трик жасады.

«Ақтөбе» - «Арлан» 5:0 (2:0, 1:0, 2:0)

1:0 - 10:34 - Актаев (Тюлюнов, Курсакбаев) ГБ

2:0 - 14:10 - Плотников (Ибраев, Коев)

3:0 - 24:39 - Актаев (Поленов) ГБ

4:0 - 43:29 - Мозжерин (Поленов, Плотников) ГМ

5:0 - 49:49 - Актаев (Тюлюнов, Курсакбаев) ГБ

Қақпашылар: Раков – Чепец 

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.