Торпедо мен Ястребы плей-оффқа жолдама алды

6 qyrkúıek
644

Қазақстан жастар кубогінің топтық кезеңін қорытындылаймыз.

«Алматы» мен «Жас Батырдың» текетіресінде атыраулық ұжым басым түсті. Ойынның шартты қонақтары матчты екпіндетіп бастап, бұл командаға жеңіс әкелді. Жеңімпаздар құрамынан Владислав Жабунин мен Александр Олихвердің қоржынында екі дөп соққыдан бар. «Алматыдан» Матвей Завьялов дубль жасап көзге түсті.

«Алматы» - «Жас Батыр» 3:6 (1:3, 1:3, 1:0)

0:1 - 11:40 - Жабунин (Харченко, Олихвер)

0:2 - 15:54 - Ущев

0:3 - 16:54 - Бойцов (Садыков, Харченко)

1:3 - 18:00 - Завьялов (Бахитжанов, Зяблов) ГБ

1:4 - 23:45 - Олихвер (Ущев, Харченко)

1:5 - 26:56 - Жабунин (Олихвер, Харченко)

2:5 - 35:05 - Маркабаев

2:6 - 38:05 - Олихвер (Харченко, Телгожаев) ГБ

3:6 - 54:32 - Завьялов (Филимонов, Зяблов)

Қақпашылар: Байдек (Колесников, 15:54-40:00) - Ваганян (Прицкер, 40:00-60:00)

«Торпедо» төрт рет артық құрам ұйымдастырып, «Ақтөбені» ойсырата жеңді. Глеб Астраханцев хет-трик жасады. Осы жеңісінен кейін өскемендіктер С тобындағы бірінші орынға бекіп, Кубоктің финалдық бөлігіне кепілді жолдама алды.

«Торпедо» - «Ақтөбе» 6:1 (2:1, 2:0, 2:0)

1:0 - 13:15 - Астраханцев (Якубджанов, Базанов) ГБ

2:0 - 13:53 - Попов (Омельковец, Тютюньков Я.) ГБ

2:1 - 16:25 - Шайкенов (Ибраев, Коев) ГБ

3:1 - 22:23 - Астраханцев (Якубджанов)

4:1 - 37:45 - Тютюньков Д. (Тютюньков Я., Попов) ГБ

5:1 - 42:29 - Попов (Омельковец, Тютюньков Я.)

6:1 - 49:23 - Астраханцев (Ромашкин, Рысбеков) ГБ

Қақпашылар: Осокин (Эрштейн 49:23-60:00) - Раков (Костюков, 13:53-60:00)

Турнирдің қазіргі жеңімпаздары «Ястребы» командасы да беделді жүлде үшін тартысты жалғастырады. «Барыс-Жаспен» матчта төгілген тердің арқасында оралдықтар В төрттігіндегі бірінші орынды иеленді. Матвей Шелехов бұл кездесуде нәтижелілік үшін 2 (1+1) балл жинады.

«Ястребы» - «Барыс-Жас» (2:1, 1:0, 0:0)

0:1 - 05:16 - Алибек (Саркенов, Кисель) ГБ

1:1 - 14:19 - Шелехов

2:1 - 15:32 - Терещенко (Быканов, Бастаногов) ГБ

3:1 - 23:23 - Буланов (Акпирганов, Шелехов)

Қақпашылар: Какенов – Шестаков

«Астана» екі рет есеп бойынша есе жібергенімен «Горняктан» жеңісті жұлып әкетті. Шешуші шайбаның авторы – Мәдихан Күнтуғанов. Екі дөп соққы Никита Бондаревтің қоржынында. «Горняк» турнирді ұпайсыз аяқтайды. Елордалықтар да плей-оффқа өте алмады.

«Горняк» - «Астана» 3:4 (1:1, 1:1, 1:2)

1:0 - 01:25 - Китанин (Петров, Сертаев)

1:1 - 04:26 - Бондарев (Китаров, Оразов) ГБ

2:1 - 29:02 - Пархоменко (Кемайкин, Волобуев)

2:2 - 31:15 - Жумабай

2:3 - 43:32 - Бондарев (Китаров)

3:3 - 45:38 - Поскин (Слепухин) ГБ

3:4 - 50:54 - Контуганов (Оразов, Китаров) ГБ

Қақпашылар: Пахоленко - Кудимов (Габдуллин, 25:08-60:00)

А тоының көшбасшысы «Барыстың» «Қыранға» жол беруі күтпеген жайт болды. Жеңімпаздар құрамынан Тимофей Симонов дубль жасады. Алайда бұл жеңіліс елордалық ұжымды турнирдегі орнынан қозғай алмады. Сергей Старыгиннің ойыншылары жартылай финалға шықты.

«Қыран» - «Барыс» 5:2 (0:0, 2:1, 3:1)

0:1 - 23:51 - Русланулы (Царёв, Ляпунов)

1:1 - 33:21 - Белоус (Шиманович, Свинтальский)

2:1 - 38:16 - Божко (Степанов) ГБ

2:2 - 41:10 - Ермак ГБ

3:2 - 46:50 - Симонов (Коротких)

4:2 - 48:36 - Симонов ГБ

5:2 - 56:23 - Свинтальский (Шиманович)

Қақпашылар: Коваль - Истомин

«Арлан» Кубоктің топтық кезеңін «Құлагерге» қарсы ойындағы матчпен аяқтады. Матчта екінші кезеңде шешуші болып, көкшетаулықтар екі жауапсыз шайба салды. Қос команда да турнир аясында бір-бір кездесуден өткізіп, жарыстардың финалдық бөлігіне өте алмады.

«Арлан» - «Құлагер» 5:3 (2:2, 2:0, 1:1)

1:0 - 13:16 - Галлямов

1:1 - 13:59 - Варламов (Махамадеев, Белов)

2:1 - 17:09 - Филатов (Артемьев, Галлямов) ГБ

2:2 - 17:29 - Варламов ГМ

3:2 - 20:14 - Елагин (Аипов, Кощеев) ГБ

4:2 - 31:24 - Бейсембиев

4:3 - 47:21 - Букарь (Варламов)

5:3 - 54:03 - Аипов (Кощеев, Елагин)

Қақпашылар: Дударкиев - Коваль (Елхимов, 31:24-60:00)

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.