Жастар Кубогіне Торпедо мен Ястребы таласады

8 qyrkúıek
793

Қазақстан жастар кубогінің жартылай финалдық матчтарын қорытындылаймыз.

«Торпедо» «Барыс-Жасты» жеңді. Турнирдің ең жас ұжымы фавориттерге соққыны боратты, алайда бұл ұмтылысы финалға шығу үшін жеткіліксіз болды. Жеңімпаздар құрамынан Валентин Попов хет-трик жасады.

«Торпедо» - «Барыс-Жас» 5:3 (1:0, 1:0, 3:3)

1:0 - 15:50 - Омельковец (Попов, Тютюньков Д.) ГБ

2:0 - 24:06 - Попов (Тютюньков Д., Стальмаков) ГБ

2:1 - 43:10 - Саркенов (Потапов, Шипилин) ГБ

3:1 - 43:21 - Попов (Омельковец, Рысбеков) ГБ

4:1 - 46:09 – Тютюньков Д. (Базанов) ГМ

4:2 - 49:17 - Кисель (Потапов, Большедворский) ГБ

5:2 - 53:14 - Попов (Ромашкин, Омельковец)

5:3 - 55:08 - Потапов (Шарапов)

Қақпашылар: Осокин – Шестаков

Кешкі текетіресте «Ястребы» «Барыстан» басым түсті. Турнирдің қазіргі жеңімпаздары екінші кезеңді екпіндетіп өткізіп, финалдық ысқырыққа дейін үстемдікті сақтап қалды. Жеңіс шайбасы Максим Булановтың есебінде.

«Ястребы» - «Барыс» 4:3 (1:1, 3:0, 0:2)

1:0 - 00:33 - Терещенко (Рахимов)

1:1 - 08:22 - Морожников (Царёв) ГБ

2:1 - 24:04 - Васильев (Бастаногов, Рахимов) ГБ

3:1 - 32:41 - Камиден (Буланов) ГБ

4:1 - 38:51 - Буланов ГБ

4:2 - 45:58 - Симонов (Русланулы, Ляпунов) ГБ

4:3 - 55:02 - Смольянинов

Қақпашылар: Какенов – Никитин

Осылайша Қазақстан жастар кубогінің финалында «Торпедо» мен «Ястребы» ойнайды. Турнирдің шешуші матчы 9 қыркүйек күні «Барыс» СК мұзайдынында өтеді. Басталуы 19:00-де.

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.