Қазақстан жастар кубогінің финалдық текетіресінде «Торпедо» «Ястребы» командасын жеңді.
Матчта екінші кезең шешуші болып, ойынның шартты иелері өздеріне жайлы есеп айырмашылығын орнатты. Қорытынды кезеңдегі белсенді ойынға қарамастан, оралдықтар жағдайды түзете алмады. Жеңімпаздар құрамынан Диас және Ян Тютюньковтар дубль жасап көзге түсті. Айтып өтетін жайт, «Ястребы» қақпасына аттанған алты шайбаның үшеуін «Торпедо» артық құраммен ұйымдастырды.
Осылайша, «торпедолықтар» өз тарихында алғаш рет JastarHokeiLigasy Кубогін жеңіп алды.
«Торпедо» - «Ястребы» 6:2 (2:2, 2:0, 2:0)
1:0 - 07:26 - Омельковец (Попов, Индюков)
1:1 - 07:41 - Акпирганов (Шелехов)
2:1 - 15:24 - Тютюньков Д. (Омельковец, Тютюньков Я.) ГБ
2:2 - 19:52 - Буланов (Камиден, Куминов)
3:2 - 33:31 - Тютюньков Д. (Тютюньков Я.) ГБ
4:2 - 35:38 - Тютюньков Я. ГБ
5:2 - 49:29 - Попов (Омельковец)
6:2 - 59:18 - Тютюньков Я. (Базанов, Хан)
Қақпашылар: Осокин - Какенов
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.