Астана мен Құлагер алғашқы матчтарын жеңді

19 qyrkúıek
652

Хоккейден Қазақстан жастар чемпионатының ойын күні көрерменге бес матч сыйлады.

«Астана» маусымды «Қыранға» қарсы ойындағы «құрғақ» жеңіспен бастады. Ұзақ уақыт бойы қарағандылықтар белсенді болды, алайда соңғы кезең елордалық ұжымның пайдасына шешілді. Қарсыласқа екі рет Темирлан Китаров шайба салды, «Астана» қақпашысы Даниил Кудимов қақпаға бағытталған 37 соққының барлығына тойтарыс берді.

«Қыран» - «Астана» 0:4 (0:0, 0:1, 0:3)

0:1 - 35:31 - Китаров (Бондарев) ГБ

0:2 - 42:37 - Аманжолов (Контуганов, Оразов) ГБ

0:3 - 49:48 - Бейсембаев (Оразов) ГМ

0:4 - 56:43 - Китаров

Қақпашылар: Коваль (Дубович, 56:43-60:00) – Кудимов

«Горняк» чемпионаттың бірінші матчында «Құлагерге» мардымды жауап бере алмады. Петропавлдықтар өз сәттерін асқан ұқыптылықпен іске асырды және жаңа маусымдағы алғашқы жеңістеріне қол жеткізді. Даниил Варламов дубль жасады.

«Горняк» - «Құлагер» 2:6 (0:2, 1:3, 1:1)

0:1 - 05:49 - Замалиев (Емельянов)

0:2 - 13:47 - Шарикпаев (Варламов, Ербатыров)

0:3 - 23:07 - Заруцкий (Варламов)

0:4 - 33:09 - Варламов (Заруцкий, Емельянов)

1:4 - 36:53 - Кемайкин (Лопухов)

1:5 - 39:00 - Варламов

1:6 - 44:18 - Махамадеев (Сергушкин) ГБ

2:6 - 52:43 - Поскин

Қақпашылар: Пахоленко – Коваль

«Ақтөбе» «Арланды» сенімді түрде жеңді. Алаң иелері екінші кезеңді екпіндетіп өткізіп, ойынның тағдырын да осы кезең шешті.

«Ақтөбе» - «Арлан» 5:2 (1:1, 3:0, 1:1)

0:1 - 05:56 - Мажикенов (Бейсембиев)

1:1 - 15:52 - Поленов (Актаев, Тюлюнов)

2:1 - 20:30 - Актаев (Калиниченко, Тюлюнов)

3:1 - 27:37 - Комиссаров (Шайкенов)

4:1 - 38:15 - Плотников (Коев)

5:1 - 46:26 - Шайкенов (Афлитонов, Комиссаров)

5:2 - 55:50 - Мажикенов (Бейсембиев) ГБ

Қақпашылар: Костюков – Дударкиев

«Ястребы» «Торпедодан» қарымта қайтарды. Оралдықтар екінші және үшінші кезеңдерде бір-бір шайбадан дарытты және өз қақпаларына шайба жуытпады. Жеңіс шайбасы Сұлтанбек Раахимовтің қоржынында. Кездесудің басты қаһарманы – алаң иелерінің голкипері Никита Осипов.

«Ястребы» - «Торпедо» 2:0 (0:0, 1:0, 1:0)

1:0 - 30:30 - Рахимов (Бастаногов, Шаяхметов) ГБ

2:0 - 41:37 - Шелехов (Терещенко) ГБ

Қақпашылар: Осипов - Эрштейн

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.