Барыс жеңістен бастады, Құлагер, Астана мен Ақтөбе 4 балдан жинады

20 qyrkúıek
646

Хоккейден Қазақстан жастар чемпионаты қыза түсті.

Қазіргі ел чемпионы «Мұнайшы» командасындағы қарсыластарын сенімді түрде жеңді. Елордалық хоккейшілер өз сәттерін әсін-әлсін іске асырып, қорғаныста мығым ойнады. Арыстан Амырканов пен Даниил Надейкин үш балдан жинады.

«Барыс» - «Мұнайшы» 5:1 (2:0, 2:0, 1:1)

1:0 - 06:22 - Гросс (Амырканов, Леута)

2:0 - 12:54 - Мигунов (Амырканов, Лукавенко)

3:0 - 21:10 - Надейкин (Решетько, Левковец)

4:0 - 28:32 - Кошевник (Лукавенко, Надейкин)

5:0 - 48:34 - Амырканов (Надейкин)

5:1 - 52:40 - Воронцов (Пидяшов, Мальцев)

Қақпашылар: Истомин - Гущин

«Астана» тағы да «Қыраннан» басым түсті. Елордалық ұжымның Қарағандыға сапары сәтті болып, екі жеңіспен лиганың көшбасшылары қатарына кірді. Бұл кездесуде 6 шайба салынған кезде құрамдар тең болмағанын атап өту қажет.

«Қыран» - «Астана» 3:4 (1:2, 0:1, 2:1)

1:0 - 04:20 - Божко (Степанов, Трибунский) ГБ

1:1 - 06:06 - Аманжолов (Бейсембаев) ГБ

1:2 - 17:07 - Бейсембаев (Жумабай, Контуганов) ГБ

1:3 - 22:25 - Китаров (Оразов, Бейсембаев) ГБ

1:4 - 43:00 - Церульников (Захаров) ГМ

2:4 - 54:11 - Алламов (Божко, Трибунский) ГБ

3:4 - 57:09 - Божко (Еськов)

Қақпашылар: Коваль - Габдуллин

«Құлагер» Рудныйдан төрт балмен қайтты. Екінші ойында Даниил Варламов дубль жасады. «Горнякқа» қарсы ойындағы екі жеңісінің арқасында петропавлдықтар чемпионат басында ең жоғары ұпайды жинады.

«Горняк» - «Құлагер» 3:6 (1:3, 0:1, 2:2)

0:1 - 06:00 - Пиниди (Махамадеев, Букарь)

0:2 - 07:29 - Заруцкий (Замалиев, Серик)

1:2 - 10:21 - Поскин (Китанин)

1:3 - 16:23 - Шарикпаев (Варламов)

1:4 - 20:56 - Варламов ГМ

2:4 - 41:40 - Жусупов (Поскин)

3:4 - 45:16 – Утебаев (Буб)

3:5 - 48:40 - Варламов (Вышегородцев) ГБ

3:6 - 59:19 - Махамадеев ПВ

Қақпашылар: Пахоленко - Коваль

«Ақтөбе» - «Арлан» 3:0 (2:0, 0:0, 1:0)

1:0 - 04:46 - Комиссаров

2:0 - 09:03 - Шайкенов (Афлитонов, Комиссаров)

3:0 - 50:48 - Цихоцкий (Плотников) ГБ

Қақпашылар: Костюков - Дударкиев

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.