Бүгін Қазақстан жастар чемпионаты аясында екі жекпе-жек өтті.
«Торпедо» «Жас Батырға» қарсы ойында жеңіске жетті. Өскемендіктер кездесу барысында екпінін күшейтіп, атыраулық қарсыласты тырп еткізбеді. Диас Рысбеков пен Валентин Попов өз қоржынына екі нәтижелі соққыдан салды.
«Жас Батыр» - «Торпедо» 1:5 (1:1, 0:2, 0:2)
0:1 - 09:19 - Рысбеков (Базанов, Омельковец)
1:1 - 14:51 - Харченко (Олихвер) ГМ
1:2 - 24:14 - Рысбеков (Попов, Омельковец) ГБ
1:3 - 38:20 - Попов (Омельковец, Рысбеков)
1:4 - 49:14 - Дьяченко (Стальмаков, Попов) ГБ
1:5 - 54:32 - Попов (Дьяченко, Стальмаков) ГБ
Қақпашылар: Ваганян (Прицкер, 49:14-60:00) - Эрштейн (Пыленок, 54:23-60:00)
«Ястребы» «Барыс-Жаспен» текетіресте үлкен ерік-жігер көрсетті. Жас елордалық ұжым кездесуді жақсы бастап, екі шайба алға шықты. Алайда тәжірибесі молдау оралдықтар матч барысын өзгертіп, екі балдан жинады. Эмиль Киселев жасаған дубль шешуші шайбаның авторы атанды.
«Ястребы» - «Барыс-Жас» 3:2 (1:2, 1:0, 1:0)
0:1 - 08:03 - Потапов (Трегубов, Большедворский) ГБ
0:2 - 09:11 - Алибек ГМ
1:2 - 13:27 - Киселев (Буланов, Шелехов) ГБ
2:2 - 31:49 - Буланов (Шелехов) ГМ
3:2 - 51:25 - Киселев
Қақпашылар: Осипов - Толеубай
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.