Қыран Мұнайшыны ойсырата жеңді, Горняк Арланнан қарымта қайтарды

24 qyrkúıek
965

Қазақстан жастар чемпионаты төрт матчпен жалғасты.

«Қыран» павлодарлықтарды тырп еткізбеді. Қарағандылық ұжым екпіндетіп ойнап, өз қақпасына шайба жуытпады. Даир Алламов бес рет нәтижелі пас берді. Алаң иелерінің қақпашысы Максим Дубович 26 соққыға тойтарыс берді.

«Қыран» - «Мұнайшы» 7:0 (1:0, 2:0, 4:0)

1:0 - 09:57 - Симонов (Алламов, Трибунский) ГБ

2:0 - 35:23 - Василенко (Бодиков)

3:0 - 38:17 - Катков (Алламов)

4:0 - 46:09 - Шиманович (Алламов, Белоус) ГМ

5:0 - 51:31 - Телегин (Алламов)

6:0 - 53:37 - Бодиков (Степанов) ГМ

7:0 - 56:26 - Белоус (Алламов, Степанов)

Қақпашылар: Дубович – Гущин (Костоев, 40:00-60:00)

«Горняк» кешегі ірі жеңіліс үшін «Арланнан» қарымта қайтарды. Бір қызығы, екінші кездесудің басы да көкшетаулықтардың пайдасына шешілген, алайда рудныйлықтар есеп 0:3 болып тұрған жерінен есе қайтарып, маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Алаң иелері арасынан Данил Волобуев пен Илья Китанин екі соққыдан салды. Артём Елагин «Арлан» құрамында дубль жасады.

«Горняк» - «Арлан» 6:5 (0:1, 3:2, 3:2)

0:1 - 15:48 - Елагин

0:2 - 20:40 - Чепышкин

0:3 - 24:29 - Бейсембиев (Кощеев) ГМ

1:3 - 25:49 - Волобуев (Пархоменко, Утебаев)

2:3 - 34:08 - Буб (Пархоменко, Утебаев)

3:3 - 39:42 - Волобуев (Буб, Пархоменко) ГБ

4:3 - 44:37 - Китанин (Петров) ГБ

5:3 - 54:20 - Китанин (Петров) ГМ

5:4 - 54:59 - Елагин

6:4 - 57:14 - Пархоменко (Буб, Утебаев)

6:5 - 59:23 - Артемьев (Бейсембиев) ГБ

Қақпашылар: Лигай - Дударкиев

«Барыс» қатарынан үшінші матчында жеңіске жетті, бұл ретте елордалық ұжым барлығы екі шайба өткізді. Қазіргі чемпион түзде «Алматыны» ойсырата жеңді. Бұл текетіресте қорытынды кезең шешуші болып, оңтүстік астаналық команда қақпасына үш шайба аттанды.

«Алматы» - «Барыс» 1:6 (0:1, 1:2, 0:3)

0:1 - 11:13 - Мигунов (Левковец, Мигунов)

0:2 - 24:26 - Амырканов (Надейкин, Кошевник) ГБ

0:3 - 24:55 - Сатубалдин

1:3 - 39:10 - Крицин (Бахитжанов, Айткалиев) ГБ

1:4 - 40:45 - Жусупбеков (Мигунов)

1:5 - 58:24 - Канкин (Левковец, Жусупбеков)

1:6 - 59:30 - Кошевник (Надейкин, Амырканов)

Қақпашылар: Байдек – Истомин

«Ақтөбе» «Құлагермен» екінші матчтың бірінші кезеңінде сүрінді. Алайда екінші кезеңде алаң иелері 16 минутқа жетпес уақыт ішінде бес нәтижелі шабуыл ұйымдастырып, кездесудің барысын түбегейлі өзгертті. Нәтижесінде батысқазақстандық ұжым маусымның басындағы төртінші жеңісіне қол жеткізді және бұрынғыша турнир кестесінің көшін бастап тұр.

«Ақтөбе» - «Құлагер» 7:5 (0:4, 5:0, 2:1)

0:1 - 01:35 - Махамадеев (Букарь, Капкайкин) ГБ

0:2 - 06:22 - Шарикпаев (Капкайкин) ГБ

0:3 - 07:14 - Пиниди (Букарь, Махамадеев)

0:4 - 14:47 - Харисов (Пиниди, Махамадеев) ГБ

1:4 - 20:22 - Актаев (Калиниченко)

2:4 - 29:20 - Коев (Плотников, Комиссаров)

3:4 - 31:07 - Коев

4:4 - 34:09 - Афлитонов (Комиссаров) ГБ

5:4 - 35:22 - Зизевских (Цихоцкий, Коев) ГБ

6:4 - 53:48 - Плотников (Коев)

6:5 - 55:25 - Заруцкий (Ербатыров, Серик)

Қақпашылар: Костюков (Раков, 14:47-60:00) – Коваль (Елхимов, 35:22-60:00)

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.