Мұнайшының жеңілісі, Барыс шығынсыз келе жатыр

25 qyrkúıek
779

Жексенбі күні Қазақстан жастар чемпионаты аясында екі жекпе-жек өтті.

Теміртауда «Қыран» «Мұнайшыны» тағы да ойсырата жеңді. Павлодарлықтардың қақпасына жауапсыз он шайба аттанып, олардың төртеуін алаң иелері артық құраммен ұйымдастырды. Бес голды өз активіне Андрей Еськов жазды.

Дмитрий Митенковтің ойыншылары чемпионат басталғалы өз ойын өрнегін таппай келеді. Үш матч қатарынан «Мұнайшы» мұзайдыннан шайба салмастан кетті. Бұл ретте павлодарлық ұжым төрт матч бойы бір ғана нәтижелі шабуыл жасады.

«Қыран» - «Мұнайшы» 10:0 (3:0, 3:0, 4:0)

1:0 - 09:46 - Хусаинов

2:0 - 11:11 - Симонов (Белоус, Трибунский) ГБ

3:0 - 13:52 - Еськов (Божко, Степанов) ГБ

4:0 - 36:05 - Еськов (Божко, Степанов) ГБ

5:0 - 37:16 - Еськов (Алламов, Трибунский) ГБ

6:0 - 39:40 - Еськов (Божко, Степанов)

7:0 - 51:14 - Бодиков (Сторчай, Степанов)

8:0 - 56:27 - Божко (Совет)

9:0 - 57:33 - Еськов

10:0 - 58:49 - Перцев (Телегин)

Қақпашылар: Дубович - Костоев (Гущин, 37:16 - 60:00)

«Барыс» «Алматыны» екінші матчта жеңу үшін біршама тер төкті. Жеңіс шайбасы Даниил Надейкинге тиесілі. Сергей Старыгиннің ойыншылары оңтүстік астанадан төрт балмен қайтты. Және чемпионаттың басында әзірге ұпай жоғалтпастан турнир кестесін бастап келеді.

«Алматы» - «Барыс» 2:4 (0:1, 1:1, 1:2)

0:1 - 13:10 - Жусупбеков (Левковец, Канкин) ГБ

0:2 - 21:34 - Кошевник (Лукавенко, Надейкин)

1:2 - 30:06 - Выговский (Бахитжанов, Айткалиев)

1:3 - 48:02 - Надейкин (Кошевник, Лукавенко) ГБ

2:3 - 57:16 - Бахитжанов (Крицин, Бауэр) ГБ

2:4 - 59:54 - Левковец ПВ

Қақпашылар: Рудковский - Никитин

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.