Хоккейден Қазақстан жастар чемпионаты екі матчпен жалғасты.
«Торпедо» мен «Ақтөбе» бірінші матчта жеңімпазды тек буллиттер сериясында анықтады. Дмитрий Дьяченконың дөп соққысы алаң иелеріне жеңіс сыйлады, ал батысқазақстандық команда үшін бұл маусымдағы алғашқы жеңіліс болды.
«Торпедо» - «Ақтөбе» 2:1 Б (1:1, 0:0, 0:0, 0:0, 1:0)
0:1 - 15:20 - Комиссаров (Шайкенов)
1:1 - 18:03 - Мерзликин (Стальмаков, Астраханцев)
2:1 - 65:00 - Дьяченко ПБ
Қақпашылар: Эрштейн - Костюков
«Горняк» Павлодарда жеңіске жетті. «Мұнайшы» матчтың ортасында есеп ашты, алайда әрі қарай шайбалар тек алаң иелерінің қақпасына үшты. Артём Буб дубль жасады. Бұл – рудныйлықтардың маусымдағы екінші жеңісі, ал павлодарлықтар әзірге жеңіс дәмін татпады.
«Мұнайшы» - «Горняк» 1:3 (0:0, 1:2, 0:1)
1:0 - 31:59 - Семенов (Гулый)
1:1 - 38:21 - Буб
1:2 - 39:36 - Петров (Китанин, Поскин)
1:3 - 54:04 - Буб (Кемайкин, Кожуховский) ГБ
Қақпашылар: Гущин - Пахоленко
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.