Ақтөбе Торпедодан қарымта қайтарды, Мұнайшы маусымдағы алғашқы матчын жеңді

30 qyrkúıek
767

Қыркүйектің соңғы күнінде Қазақстан жастар чемпионаты аясында екі жекпе-жек өтті.

«Ақтөбе» «Торпедодан» сенімді түрде қарымта қайтарды. Матчтың тағдырын қорытынды кезең шешті: алаң иелерінің қақпасына төрт шайба аттанды. Владислав Плотников дубль жасады, қонақтардың қақпашысы Илья Костюков 38 соққыға тойтарыс беріп, тамаша ойын көрсетті. «Ақтөбе» турнир кестесіндегі бірінші орынды бермей келеді.

«Торпедо» - «Ақтөбе» 1:5 (0:1, 0:0, 1:4)

0:1 - 10:14 - Плотников (Комиссаров, Коев)

0:2 - 47:10 - Коев

1:2 - 49:42 - Рысбеков (Попов, Стальмаков) ГБ

1:3 - 54:43 - Евлашевский (Костюков, Коев)

1:4 - 58:49 - Калиниченко (Актаев) ПВ

1:5 - 59:04 - Плотников (Коев)

Қақпашылар: Эрштейн - Костюков

«Мұнайшы» ағымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Павлодарлықтар құрамынан Богдан Тагамбаев дубль жасады, төрт шайбаның салынуына Михаил Гулый атсалысты.

«Мұнайшы» - «Горняк» 5:3 (0:0, 3:2, 2:1)

1:0 - 31:40 - Гулый (Анцельм)

1:1 - 32:16 - Китанин (Поскин)

2:1 - 32:39 - Семенов (Бутенко, Гулый) ГМ

2:2 - 34:18 - Буб ГБ

3:2 - 36:04 - Симонов (Семенов, Пидяшов) ГБ

4:2 - 44:56 - Тагамбаев (Гулый, Чигаев) ГБ

5:2 - 47:05 - Тагамбаев (Семенов, Гулый)

5:3 - 48:21 - Китанин (Сертаев, Буб)

Қақпашылар: Гущин - Пахоленко

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.