Торпедо бестікте, Барыс-Жас қатарынан төртінші матчта жеңіліске ұшырады

3 qazan
749

Қазақстан жастар чемпионаты аясында бүгін алты матч өтеді.

«Құлагер» «Жас Батырдан» сенімді түрде қарымта қайтарды. Петропавлдықтар құрамынан Даниил Махамадеев дубль жасады. Қос команда да жекпе-жектердің қорытындысы бойынша плей-офф аймағында қалып отыр.

«Құлагер» - «Жас Батыр» 5:2 (0:1, 1:0, 4:1)

0:1 - 03:01 - Харченко (Олихвер)

1:1 - 39:27 - Махамадеев (Капкайкин, Пиниди) ГБ

1:2 - 49:07 - Пименов

2:2 - 49:27 - Замалиев (Заруцкий, Емельянов)

3:2 - 53:54 - Махамадеев (Букарь)

4:2 - 54:13 - Емельянов (Заруцкий, Замалиев)

5:2 - 59:32 - Капкайкин (Пиниди, Варламов) ПВ

Қақпашылар: Коваль - Ваганян

«Торпедо» «Горнякты» тырп еткізбеді. Жеңімпаздар құрамынан Даниил Якубджанов дубль жасады. Рудныйлықтардан екі нәтижелі соққыны Илья Поскин салды.

«Торпедо» - «Горняк» 6:2 (2:0, 2:2, 2:0)

1:0 - 00:49 - Есимов (Омельковец, Тютюньков Д.)

2:0 - 10:48 - Первутинский (Киселёв)

2:1 - 23:58 - Поскин (Ишин)

2:2 - 34:11 - Поскин (Китанин, Кожуховский)

3:2 - 37:04 - Тютюньков Д. (Попов, Омельковец)

4:2 - 37:45 - Стальмаков (Есимов, Побединский) ГБ

5:2 - 52:41 - Якубджанов (Астраханцев, Базанов)

6:2 - 59:59 - Якубджанов (Астраханцев, Базанов)

Қақпашылар: Пыленок - Пахоленко

«Қыран» бірінші кезеңді екпіндетіп өткізіп, «Барыс-Жасты» екінші рет жеңіп кетті. Қарсыласты екі рет Григорий Степанов састырды. Қарағандылықтар үздіктердің ізінен өкшелеп қуып келеді, ал елордалық ұжым қатарынан төртінші рет жеңіліске ұшырады.

«Барыс-Жас» - «Қыран» 3:6 (0:3, 0:0, 3:3)

0:1 - 09:54 - Еськов (Денисов, Божко) ГБ

0:2 - 13:49 - Степанов (Трибунский, Еськов)

0:3 - 19:08 - Симонов (Белоус)

0:4 - 41:23 - Белоус (Шиманович, Пономарёв) ГБ

1:4 - 44:04 - Сагымбаев (Саркенов)

2:4 - 45:51 - Большедворский (Кажибеков, Зияш)

3:4 - 55:03 - Саркенов (Алибек)

3:5 - 57:52 - Степанов (Трибунский)

3:6 - 59:29 - Бодиков ГМ

Қақпашылар: Толеубай (Шестаков, 20:00-60:00) - Коваль

«Астана» «Алматымен» кездесудің үшінші кезеңінде жойқын күшпен ойынға оралып, овертаймда жеңісті жұлып әкетті. Елордалықтарға екі балды Әділ Бейсембаевтың қосымша бес минуттың аяқталуына 14 секунд қалғанда салған дөп соққысы сыйлады. «Алматы» құрамында дубль Батыр Марқабаевтың қоржынында.

«Астана» - «Алматы» 5:4 ОТ (0:1, 1:2, 3:1, 1:0)

0:1 - 14:33 - Маркабаев (Бахитжанов, Айткалиев)

0:2 - 28:59 - Зяблов (Чернышов)

0:3 - 30:49 - Бахитжанов (Айткалиев, Маркабаев)

1:3 - 32:29 - Сулейменов (Контуганов)

1:4 - 47:28 - Маркабаев (Айткалиев, Бахитжанов) ГБ

2:4 - 50:27 - Сулейменов (Бейсембаев, Контуганов)

2:4 - 54:16 - Бейсембаев

3:4 - 54:41 - Жумабай (Оразов) ГБ

4:4 - 59:58 - Оразов

5:4 - 64:46 - Бейсембаев

Қақпашылар: Кудимов - Рудковский

«Мұнайшы» «Ақтөбені» жеңе жаздады. Алайда шешуші сәттерде фавориттер дәлірек көздеді. Михаил Калиниченко дубль жасап, батысқазақстандық ұжымға маусымдағы алтыншы жеңісін сыйлады.

«Мұнайшы» - «Ақтөбе» 3:4 (0:2, 2:1, 1:1)

0:1 - 06:41 - Шайкенов (Мозжерин, Комиссаров)

0:2 - 13:50 - Плотников (Цихоцкий, Коев)

1:2 - 26:27 - Пидяшов (Воронцов)

1:3 - 31:56 - Калиниченко

2:3 - 38:27 - Чигаев (Тагамбаев)

3:3 - 46:04 - Бондарчук (Пидяшов) ГБ

3:4 - 48:25 - Калиниченко (Евлашевский)

Қақпашылар: Гущин - Раков (Костюков, 38:27-60:00)

«Ястребы» үш рет артық құрам ұйымдастырып, «Арланнан» жеңісті жұлып әкетті. Қонақтардың құрамынан екі дөп соққы Максим Булановқа тиесілі. Көкшетаулықтардан дубльді Егор Кабатаев салды. Оралдықтар көшті бастаған «Ақтөбенің» ізінен қуып келеді.

«Арлан» - «Ястребы» 4:5 (0:0, 1:2, 3:3)

1:0 - 24:09 - Кабатаев

1:1 - 28:03 - Буланов (Куминов, Быканов) ГБ

1:2 - 38:23 - Рахимов (Терещенко, Свинтальский) ГБ

1:3 - 44:37 - Буланов (Камиден) ГБ

2:3 - 46:25 - Галлямов (Толуспаев)

3:3 - 49:06 - Кабатаев (Тусупбеков, Мажикенов) ГБ

3:4 - 54:11 - Быканов (Буланов)

3:5 - 54:48 - Свинтальский (Терещенко)

4:5 - 55:46 - Кабашев (Кабатаев)

Қақпашылар: Чепец - Какенов

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.