Сенбі күні Қазақстан жастар чемпионатының медальдары үшін күреске тағы төрт ұжым қосылады.
(14:00) Петропавлда маусымдағы алғашқы ұпайлары үшін «Құлагер» мен «Горняк» тартысады.
(17:00) Елордада «Барыс» пен «Астана» қайта кездеседі. Кездесудің бірінші бөлігі Олег Шулаев командасының пайдасына шешілді.
(17:00) Павлодарлық «Мұнайшы» өз алаңында «Қыраннан» жеңілісі үшін қарымта қайтаруға тырысады.
(17:00) Оралдық "Ястребы" JASTAR HOKEI LIGASY-ндағы алғашқы ойынын «Арланға» қарсы өткізеді.
Матчтардың басталуы елорда уақытымен көрсетілген.
Барлық матчтардың тікелей көрсетілімдерін сайтымыздан тамашалауға болады. Оларды ресурстың жоғарғы бөлігінде ойындар тізбегінен таба аласыздар.
Qarmet
Barys
Almaty
Torpedo
Sunqar