Торпедо үздіктер үштігінде, Ақтөбе оқ бойы озды

4 qazan
1072

Хоккейден Қазақстан жастар чемпионаты екі кездесумен жалғасады.

«Торпедо» екінші рет «Горняктан» басым түсті. Валентин Попов пен Данила Омельковец өз командасының барлық үш нәтижелі шабуылына қатысты. Қақпашы Никита Эрштейн 20 соққыға тойтарыс берді. Осы жеңісінен кейін өскемендік ұжым Jastar Ligasy турнир кестесінде үшінші орынға шықты.

«Торпедо» - «Горняк» 3:1 (0:1, 1:0, 2:0)

0:1 - 03:54 - Волобуев (Буб)

1:1 - 28:14 - Тютюньков Д. (Попов, Омельковец) ГБ

2:1 - 41:04 - Омельковец (Дьяченко, Попов)

3:1 - 51:28 - Хан (Попов, Омельковец)

Қақпашылар: Эрштейн - Пахоленко

Чемпионаттың ағымдағы көшбасшысы «Мұнайшыны» еш аямады. Павлодарлықтардың қақпасына жауапсыз тоғыз шайба аттанды. Николай Коев хет-трик жасады, қарсыласты екі рет Назар Евлашевский састырды. Кезекті жеңісінен кейін батысқазақстандық ұжым қарсыластарынан оқ бойы озып, алға кетті.

«Мұнайшы» - «Ақтөбе» 0:9 (0:2, 0:5, 0:2)

0:1 - 12:30 - Евлашевский (Афлитонов, Шпак)

0:2 - 15:24 - Коев

0:3 - 23:59 - Актаев (Калиниченко, Тюлюнов)

0:4 - 32:44 - Шайкенов (Мозжерин, Афлитонов) ГБ

0:5 - 34:14 - Евлашевский (Тюлюнов, Афлитонов)

0:6 - 39:03 - Коев

0:7 - 39:38 - Коев (Цихоцкий, Плотников)

0:8 - 46:04 - Поленов (Тюлюнов) ГБ

0:9 - 48:57 - Мозжерин (Шпак)

Қақпашылар: Гущин (Костоев, 34:14-60:00) - Костюков (Раков, 34:14-60:00)

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.