Барыс-Жас жеңілістер сериясын үзді, Құлагер Ястребы командасын ойсырата жеңді

6 qazan
1494

Хоккейден Қазақстан жастар чемпионаты төрт жекпе-жекпен жалғасады.

«Барыс-Жас» өз алаңында «Алматыны» жеңіп, жеңілістер сериясын үзді. Елордалық ұжым бірінші кезең мен үшінші кезеңді екпіндетіп өткізіп, қонақтардың қақпасына төрт шайба салды. Альмир Оразбаев пен Абзал Алибек екі дөп соққыдан жасады.

«Барыс-Жас» - «Алматы» 7:3 (2:0, 1:2, 4:1)

1:0 - 07:40 - Оразбаев (Алибек, Трегубов)

2:0 - 10:31 - Оразбаев (Саркенов, Алибек)

2:1 - 25:25 - Неумывакин (Бахитжанов, Айткалиев) ГБ

3:1 - 28:19 - Алибек (Шипилин, Зияш)

3:2 - 32:31 - Выговский (Крицин, Гайнуллин)

4:2 - 44:01 - Зияш (Алибек)

4:3 - 45:12 - Бауэр ГБ

5:3 - 45:38 - Болгов

6:3 - 46:54 - Алибек (Шипилин)

7:3 - 54:15 - Саркенов

Қақпашылар: Шестаков - Байдек (Рудковский, 54:40-60:00)

Екі елордалық ұжымның текетіресінде «Барыс» басым болды. Артём Кошевник хет-трик жасап, екі рет нәтижелә пас берді. Сергей Старыгиннің ойыншылары қатарынан бесінші матчта жеңіп, әзірге чемпионатта ұпай жоғалтпастан келеді.

«Астана» - «Барыс» 2:5 (1:1, 1:2, 0:2)

0:1 - 04:38 - Кошевник (Абдулла)

1:1 - 17:31 - Бейсембаев (Контуганов) ГБ

1:2 - 21:46 - Абдулла (Кошевник)

2:2 - 24:39 - Бейсембаев (Аманжолов)

2:3 - 36:09 - Кошевник (Левковец, Канкин)

2:4 - 43:37 - Кошевник (Амырканов, Лукавенко) ГБ

2:5 - 56:39 - Амырканов (Кошевник) ПВ

Қақпашылар: Кудимов - Истомин

«Құлагер» күтпеген жерден өз алаңында «Ястребы» командасын ойсырата жеңді. Даниил Махамадеев қатарынан үш шайба салып, Данила Пиниди дубль жасады. Оралдықтар чемпионаттағы екінші матчында жеңіліп, қосымша көрсеткіштер бойынша «Барысты» алға жіберді.

«Құлагер» - «Ястребы» 8:1 (4:1, 1:0, 3:0)

0:1 - 00:37 - Свинтальский (Терещенко) ГБ

1:1 - 01:29 - Пиниди (Капкайкин) ГБ

2:1 - 04:33 - Пиниди (Букарь, Махамадеев) ГБ

3:1 - 07:53 - Шарикпаев (Горбань, Варламов)

4:1 - 18:07 - Махамадеев (Варламов, Горбань)

5:1 - 29:25 - Махамадеев (Горбань)

6:1 - 40:12 - Махамадеев (Букарь)

7:1 - 46:14 - Заруцкий (Замалиев, Белов)

8:1 - 54:22 - Серик ГБ

Қақпашылар: Коваль - Какенов (Осипов, 07:53-60:00)

«Жас Батыр» «Арланмен» кездесудің үшінші кезеңінде жақсы ойнап, өз қоржынына екі балл салды. Қарсыласты Климент Баранов үш рет састырды. Осы жеңісінен кейін атыраулықтар плей-офф аймағындағы орнын нығайта түсті.

«Арлан» - «Жас Батыр» 2:6 (2:1, 0:2, 0:3)

1:0 - 10:31 - Галлямов (Мажикенов)

2:0 - 11:47 - Кощеев ГБ

2:1 - 13:27 - Баранов (Алдамжаров, Телгожаев) ГБ

2:2 - 20:30 - Баранов (Трибунский)

2:3 - 21:16 - Симеониди (Пименов)

2:4 - 45:29 - Медведков (Жабунин)

2:5 - 47:00 - Баранов (Олихвер)

2:6 - 47:59 - Садыков (Хальзев, Телгожаев)

Қақпашылар: Дударкиев - Прицкер

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.