Астана мен Петропавлдағы овертаймдар

7 qazan
506

Хоккейден Қазақстан жастар чемпионаты төрт матчпен жалғасын тапты

«Алматы» «Барыс-Жаспен» текетіресте балл жинай алмады. Елордалық ұжым екінші кезеңді екпіндетіп өткізіп, ақтық ысқырыққа дейін үстемдікті сақтады. Тимур Ержеповтің командасын плей-офф аймағынан бір балл бөліп тұр.

«Барыс-Жас» - «Алматы» 6:2 (1:1, 3:0, 2:1)

1:0 - 10:57 - Мейрман (Саркенов, Оразбаев)

1:1 - 14:39 - Бауэр (Бахитжанов)

2:1 - 24:21 - Манажанов (Потапов) ГБ

3:1 - 29:28 - Саркенов (Шипилин)

4:1 - 33:56 - Шипилин (Саркенов) ГБ

4:2 - 40:07 - Кайрат (Айткалиев, Бахитжанов) ГБ

5:2 - 44:40 - Трегубов (Большедворский, Зияш)

6:2 - 48:02 - Потапов (Саркенов, Зияш)

Қақпашылар: Шестаков (Толеубай, 40:00-60:00) - Рудковский (Байдек, 33:56-60:00)

«Астана» мен «Барыс» жеңімпазды тек овертаймда анықтады. Қазіргі чемпион негізгі уақыттағы жеңілістен құтылды, алайда қосымша бес минутта Сергей Старыгиннің ойыншылары өз дегеніне жетті. Константин Морожников пен Артём Кошевник қарсыласты екі реттен састырды.

«Астана» - «Барыс» 4:5 ОТ (1:1, 1:3, 2:0, 0:1)

1:0 - 08:24 - Контуганов (Бейсембаев) ГБ

1:1 - 13:44 - Амырканов

1:2 - 22:07 - Морожников (Шульга, Киргизбаев) ГБ

1:3 - 23:31 - Кошевник (Шульга)

2:3 - 31:49 - Оразов (Бекеев, Контуганов)

2:4 - 39:59 - Морожников (Кошевник)

3:4 - 43:08 - Аманжолов

4:4 - 56:27 - Аманжолов (Бейсембаев)

4:5 - 62:22 - Кошевник (Жусупбеков, Морожников) ГБ

Қақпашылар: Габдуллин (Кудимов, 23:31-62:22) - Никитин

«Құлагер» «Ястребы» командасымен екінші матчтың негізгі уақытындағы жеңілістен финалдық ысқырыққа 29 секунд қалғанда құтылып кетті. Алайда овертаймда оралдықтар дәлірек көздеді. Жеңіс шайбасы Матвей Шелеховқа тиесілі.

«Құлагер» - «Ястребы» 2:3 ОТ (0:1, 1:1, 1:0, 0:1)

0:1 - 03:01 - Свинтальский (Быканов)

1:1 - 21:12 - Шарикпаев

1:2 - 31:08 - Кладов (Джунусов)

2:2 - 59:31 - Сергушкин (Серик, Шарикпаев) ГБ

2:3 - 61:30 - Шелехов (Камиден, Буланов)

Қақпашылар: Коваль - Осипов

«Арлан» «Жас Батырмен» текетіресте ұпай жинай алмады. Атыраулықтар бірінші кезеңде-ақ қарсыласқа төрт шайба дарытып, әрі қарай ойынды өз бақылауында ұстады. Никита Бойцов хет-трикпен көзге түсті.

«Арлан» - «Жас Батыр» 2:5 (0:4, 0:0, 2:1)

0:1 - 00:21 - Алдамжаров (Харченко)

0:2 - 11:30 - Бойцов (Медведков, Фокин) ГБ

0:3 - 14:25 - Бойцов (Харченко)

0:4 - 18:20 - Бойцов (Медведков, Жабунин)

1:4 - 45:55 - Артемьев (Аипов, Кощеев) ГБ

2:4 - 46:36 - Елагин (Кабашев)

2:5 - 53:10 - Жабунин (Медведков, Трибунский) ГБ

Қақпашылар: Дударкиев - Прицкер

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.