Жігерлі Барыс, Алматыдағы триллер

15 qazan
589

Хоккейден Қазақстан жастар чемпионаты екі матчпен жалғасады.

«Құлагер» елордада сенсация жасай жаздады. «Барыспен» кездесудің 46-шы минутында петропавлдықтар екі шайба алда келе жатты. Алайда қазіргі чемпион мұнымен келіспей, кездесуді алдымен овертаймға айналдырды, ізінше буллиттер бойынша жеңіске жетті. Елордалық ұжымды хет-трик жасап құтқарған – Константин Морожников. Сергей Старыгиннің командасы ұпай жоғалтпастан келеді.

«Барыс» - «Құлагер» 5:4 Б (1:1, 1:2, 2:1, 0:0, 1:0)

0:1 - 03:52 - Емельянов (Замалиев)

1:1 - 19:11 - Решетько (Левковец, Мигунов)

1:2 - 27:40 - Замалиев (Заруцкий, Емельянов)

2:2 - 33:26 - Абдулла (Решетько, Русланулы) ГБ

2:3 - 36:33 - Пиниди (Букарь)

2:4 - 45:58 - Варламов

3:4 - 53:58 - Морожников (Русланулы, Лукавенко)

4:4 - 58:01 - Морожников

5:4 - 65:00 - Морожников ПБ

Қақпашылар: Истомин - Коваль

«Алматы» мен «Арлан» бірінші жекпе-жекте нағыз тартысты ойын көрсетті. Ойынның басым бөлігі екі команда кезек-кезек алға шығып отырды. Нәтижесінде финалдық сиренаға 26 секунд қалғанда жеңісті «Арлан» жұлып әкетті. Кездесудің басты қаһарманы шешуші голға айналған покерді салған Артём Елагин атанды.

«Алматы» - «Арлан» 5:6 (1:1, 2:3, 2:2)

0:1 - 04:25 - Толуспаев (Галлямов)

1:1 - 09:04 - Бауэр (Андрусенко) ГБ

2:1 - 20:58 - Гайнуллин (Бауэр, Андрусенко)

2:2 - 28:17 - Бейсембиев (Артемьев, Елагин) ГМ

3:2 - 28:40 - Айткалиев (Гайнуллин)

3:3 - 33:28 - Елагин

3:4 - 39:37 - Елагин (Кощеев, Бейсембиев)

4:4 - 45:22 - Выговский (Зяблов)

5:4 - 47:07 - Зяблов (Крицин, Выговский) ГБ

5:5 - 57:37 - Елагин (Артемьев) ГБ

5:6 - 59:34 - Елагин (Бейсембиев, Кощеев) ГБ

Қақпашылар: Байдек - Дударкиев (Терехов, 04:49-06:03)

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.