Құлагер Барысты маусымдағы алғашқы жеңілісіне ұшыратты, Алматыдағы қарымта

16 qazan
823

Қазақстан жастар чемпионаты аясында тағы екі жекпе-жек өтті.

«Барыс» пен «Құлагердің» екінші текетіресінің тағдырын овертаймда салынған бір гол шешті. Даниил Махамадеевтің дөп соққысы петропавлдықтарға екі балл әкелді. Қақпашы Александр Коваль қақпаға бағытталған 19 соққыға тойтарыс берді. Елордалық ұжым ағымдағы маусымдағы бірінші жеңілісіне ұшырап, алғаш рет мұздан шайба салмастан кетті.

«Барыс» - «Құлагер» 0:1 ОТ (0:0, 0:0, 0:0, 0:1)

0:1 - 61:58 - Махамадеев (Варламов)

Қақпашылар: Никитин - Коваль

«Алматы» мен «Арланның» екінші кездесуі де біріншідегідей өтті. Жалғыз айырмашылығы – бүгін жеңісті соңғы минуттарда алаң иелері жұлып әкетті. Юрий Андрусенко дубль жасады. Оңтүстікастаналық ұжым өзінің төрт матчқа созылған жеңілістер сериясын үзді.

«Алматы» - «Арлан» 6:5 (3:2, 1:2, 2:1)

0:1 - 00:47 - Елагин (Артемьев, Бейсембиев)

1:1 - 03:57 - Бауэр (Айткалиев)

2:1 - 06:44 - Завьялов (Бауэр, Айткалиев)

3:1 - 11:25 - Андрусенко

3:2 - 17:14 - Козынец (Кощеев, Тусупбеков)

3:3 - 32:09 - Кабашев (Мажикенов)

4:3 - 37:01 - Айткалиев (Бауэр) ГБ

4:4 - 39:28 - Бейсембиев

4:5 - 40:29 - Бейсембиев (Кощеев, Елагин)

5:5 - 46:00 - Петров (Югай, Крицин)

6:5 - 58:24 - Андрусенко (Кайрат)

Қақпашылар: Колесников (Байдек, 40:00-60:00) - Дударкиев

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.