Ақтөбе Ястребы командасын басып озды

18 qazan
603

Хоккейден еліміздің жастар чемпионатында үш матч өтті.

«Ақтөбе» «Барыс-Жастан» жеңісті жұлып әкетті. Елордалық ұжым бүгін түзде ұпай жинауға жақын болды. Алайда Елисей Комиссаровтың үшінші кезеңнің аяқталуына 58 секунд қалғанда артық құраммен салған дөп соққысы алаң иелеріне жеңіс әкелді. Осы жеңісінің арқасында «Ақтөбе» чемпионаттың аралық көшбасшысы атанды.

«Ақтөбе» - «Барыс-Жас» 3:2 (0:1, 1:1, 2:0)

0:1 - 13:01 - Оразбаев (Кажибеков, Алибек) ГБ

1:1 - 23:40 - Мозжерин (Афлитонов)

1:2 - 26:00 - Потапов (Большедворский) ГБ

2:2 - 48:59 - Оликов (Евлашевский)

3:2 - 59:02 - Комиссаров ГБ

Қақпашылар: Костюков – Толеубай

«Қыран» «Ястребы» командасының төрт матчқа созылған жеңіс сериясын үзді. Салдарынан оралдықтар қосымша көрсеткіштер бойынша бірінші орнын «Ақтөбе» командасына босатып берді. Қарағандылықтар овертаймның соңғы минуттарында жеңілістен құтылып, овертаймдағы Виталий Божконың дөп соққысының арқасында екі балл жинады.

«Ястребы» - «Қыран» 4:5 ОТ (1:1, 1:2, 2:1, 0:1)

0:1 - 06:15 – Степанов М. (Коротких, Степанов Г.)

1:1 - 13:20 - Терещенко (Киселев)

2:1 - 23:51 - Терещенко (Киселев)

2:2 - 32:04 - Симонов

2:3 - 34:01 - Забурдяев (Хусаинов, Василенко)

3:3 - 45:52 - Шелехов (Трегубов) ГБ

4:3 - 49:57 - Свинтальский

4:4 - 54:26 – Степанов Г. (Божко)

4:5 - 64:19 - Божко (Еськов, Денисов)

Қақпашылар: Какенов (Осипов, 34:01-60:00) – Дубович

«Астана» Атыраудан ұпайсыз қайтты. Бүгін әрбір команда кешегіден екі есе аз шайба салды. Жеңіс голының авторы – Арман Садықов. Алаң иелері қатарынан алты матчта жеңіске жетіп, чемпионаттың үздіктерінің үштігіне кірді.

«Жас Батыр» - «Астана» 3:1 (1:1, 1:0, 1:0)

0:1 - 01:10 - Жумабай (Бейсембаев)

1:1 - 13:23 - Хальзев (Бойцов) ГМ

2:1 - 36:30 - Садыков (Алдамжаров, Фокин)

3:1 - 54:54 - Жабунин (Баранов)

Қақпашылар: Фанайлов - Кудимов

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.