Құлагер Алматыны тырп еткізбеді, Барыс Арланға қарсы ойында құрғақ жеңіске жетті

19 qazan
949

Parimatch-Jastar Ligasy Қазақстан жастар чемпионаты елордадағы екі кездесумен жалғасады.

Оңтүстік астанада «Алматы» екінші кезеңде сүрініп, «Құлагерге» мардымды жауап бере алмады. Қонақтардың форварды Даниил Махамадеев дубль жасады, Лев Капкайкин үш рет командаластарына пас берді. Осы жеңісінен кейін петропавлдықтар чемпионаттың үздік командаларының бестігіне енді.

«Алматы» - «Құлагер» 1:5 (1:0, 0:4, 0:1)

1:0 - 17:48 - Маркабаев (Айткалиев)

1:1 - 25:00 - Шарикпаев (Емельянов, Капкайкин)

1:2 - 34:34 - Махамадеев (Пиниди, Капкайкин)

1:3 - 35:49 - Махамадеев (Пиниди)

1:4 - 36:31 - Заруцкий (Серик, Варламов)

1:5 - 45:37 - Сергушкин (Капкайкин) ГБ

Қақпашылар: Байдек (Рудковский, 40:00-60:00) - Коваль

«Арлан» қазіргі чемпионның қақпасын ала алмады. «Барыс» екпінін үдетті, сонымен қатар өз қақпашысы Владимир Истоминге қақпаға бағытталған 18 соққының барлығына тойтарыс беріп, «құрғақ» жеңіске жетуге көмектесті.

«Барыс» - «Арлан» 3:0 (0:0, 1:0, 2:0)

1:0 - 22:01 - Левковец (Решетько, Мигунов) ГБ

2:0 - 42:43 - Канкин (Решетько)

3:0 - 52:57 - Надейкин (Шакубаев)

Қақпашылар: Истомин - Дударкиев

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.