Алматыдағы қарымта, елордадағы сенсация

20 qazan
864

Бейсенбі күні хоккейден Қазақстан жастар чемпионатында үш матч өтеді.

«Алматы» «Құлагерден» сенімді қарымта қайтарды. Бірінші кезеңде-ақ алаң иелері үш шайба салып, қарсыласты әбден састырды. Әрі қарай оңтүстік астаналық ұжым қорғаныста мығым ойнап, екі балл жинады. Дубль Матвей Завьяловтың есебінде.

«Алматы» - «Құлагер» 5:2 (3:0, 0:0, 2:2)

1:0 - 10:49 - Бауэр (Айткалиев, Айдуков)

2:0 - 11:10 - Маркабаев (Айдуков, Бауэр)

3:0 - 13:50 - Выговский (Завьялов, Зяблов) ГБ

3:1 - 44:43 - Ербатыров (Харисов, Белов) ГБ

3:2 - 45:01 - Сергушкин (Серик, Букарь) ГБ

4:2 - 54:52 - Завьялов (Петров, Крицин) ГБ

5:2 - 59:13 - Завьялов (Айткалиев) ПВ

Қақпашылар: Колесников - Коваль (Елхимов, 13:50-60:00)

Турнир кестесінің төменгі бөлігіндегі командалардың текетіресінде «Горняк» «Мұнайшының» арынын басты. Бұл рудныйлықтардың маусымдағы төртінші жеңісі. Илья Поскин шайбалардың бірінің авторы атанып, өз командаластарына екі рет пас берді.

«Горняк» - «Мұнайшы» 4:2 (1:0, 2:2, 1:0)

1:0 - 05:58 - Петров (Поскин, Китанин)

2:0 - 26:20 - Кемайкин (Жусупов)

2:1 - 26:49 - Анцельм (Абенов)

3:1 - 29:14 - Китанин (Поскин, Пахоленко) ГБ

3:2 - 39:30 - Кильдюшкин (Чигаев) ГБ

4:2 - 42:32 - Поскин (Петров, Китанин)

Қақпашылар: Пахоленко - Фриауф (Гущин, 16:37 - 60:00)

«Барыстың» чемпионат аутсайдерлерінің бірі «Арланға» жол беруі көпшілік үшін сенсация болды. Бүгінгі күнге дейін «көкшеліктер» екі ғана кездесуде жеңіп, елордалық ұжым керісінше бір рет қана жеңілді. Алайда көкшетаулықтар матчты овертаймға дейін жеткізіп, Павел Кощеевтің дөп соққысының арқасында екі балл жинады. «Арланның» қақпашысы Джохар Дударкиев қақпаға бағытталған 29 соққыға тойтарыс берді.

«Барыс» - «Арлан» 1:2 ОТ (0:0, 0:0, 1:1, 0:1)

1:0 - 50:29 - Гросс (Надейкин, Лукавенко) ГБ

1:1 - 53:17 - Кузьмин (Толуспаев, Галлямов)

1:2 - 63:39 - Кощеев (Кабашев)

Қақпашылар: Никитин - Дударкиев

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.