Астана жеңілістер сериясын үзді, Петропавлдағы буллиттер

29 qazan
766

Сенбіге Parimatch-Jastar Hokei Ligasy аясында үш жекпе-жек жоспарланған.

Екі елордалық ұжымның тартысында «Астана» басым болды. Қонақтар екі рет артық құрам ұйымдастырып, қорғаныста айтарлықтай сенімді ойнады. Жеңіс шайбасы өз командасының үш нәтижелі шабуылына қатысқан Әділ Бейсембаевқа тиесілі. Қақпашы Даниил Кудинов 26 соққыға тойтарыс берді. «Астана» өзінің алты матчтық жеңілістер сериясын үзіп, кубоктік аймаққа енді.

«Барыс-Жас» - «Астана» 2:4 (1:1, 1:2, 0:1)

0:1 - 17:50 - Аманжолов (Еркинов, Бондарев)

1:1 - 18:48 - Алибек (Большедворский)

1:2 - 21:03 - Бондарев (Бейсембаев, Оразов)

1:3 - 28:48 - Бейсембаев (Аманжолов) ГБ

2:3 - 32:06 - Алибек (Шипилин, Саркенов) ГБ

2:4 - 52:05 - Оразов (Жумабай, Бейсембаев) ГБ

Қақпашылар: Төлеубай (Шестаков, 52:55-58:45) - Кудимов

«Құлагер» мен «Арлан» жеңімпазды тек буллиттер сериясында анықтады. Мұнда алаң иелері дәлірек көздеді: Сергей Горбаньнің арқасында екі балл жинады. Петропавлдықтар құрамынан Даниил Махамадеев дубль жасады. «Арланның» екі дөп соққысы Жасулан Мажикеновке тиесілі.

«Құлагер» - «Арлан» 4:3 Б (1:1, 1:2, 1:0, 0:0, 1:0)

0:1 - 06:16 - Мажикенов (Аипов)

1:1 - 16:52 - Махамадеев (Ербатыров, Букарь)

2:1 - 21:25 - Махамадеев ГМ

2:2 - 33:48 - Мажикенов (Тусупбеков, Ибраев)

2:3 - 37:13 - Бейсембиев (Артемьев, Ибраев) ГБ

3:3 - 59:27 - Варламов (Свириденко)

4:3 - 65:00 - Горбань ПБ

Қақпашылар: Коваль - Дударкиев

Турнир кестесінің аралық көшбасшысы «Ақтөбе» қатарынан сегізінші матчта жеңіске жетті. Бүгін батысқазақстандық ұжым «Горнякты» сенімді түрде жеңді. Жекпе-жектің басты қаһарманы өз командасының барлық нәтижелі шабуылдарына қатысып, алты ұпай жинаған Николай Коев болды. Владислав Зизевских дубль жасады.

«Ақтөбе» - «Горняк» 6:3 (0:0, 2:1, 4:2)

1:0 - 26:08 - Коев (Шпак, Назарчук)

2:0 - 34:58 - Зизевских (Курсакбаев, Коев) ГБ

2:1 - 39:44 - Китанин ГМ

3:1 - 40:47 - Евлашевский (Коев, Плотников)

4:1 - 44:46 - Зизевских (Коев, Евлашевский) ГБ

4:2 - 45:23 - Стенников (Лопухов)

4:3 - 49:04 - Лопухов (Петров, Китанин)

5:3 - 55:57 - Плотников (Коев, Зизевских)

6:3 - 57:34 - Коев ШБ

Қақпашылар: Костюков - Пахоленко

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.