3 желтоқсандағы матчтардың аңдатпасы

3 jeltoqsan
985

Бейсенбі күні Қазақстан жастар чемпионатының кезекті матчтары өтеді.

(12:00) "Мұнайшы" өз алаңында «Арланнан» қарымта қайтаруға тырысады.

(13:00) "Астана" мен "Горняк" елордада екінші матчты өткізеді. Кеше ойын тағдырын бір шайба шешті.

(14:00) Чемпионаттың аралық көшбасшысы «Барыс» өз алаңында турнирдің дебютанты – оралдық «Ястребы» командасын қабылдайды.

Матчтардың басталуы елорда уақытымен көрсетілген.

Барлық матчтардың тікелей көрсетілімдерін сайтымыздан тамашалауға болады. Оларды ресурстың жоғарғы бөлігінде ойындар тізбегінен таба аласыздар.