Қазанның үздік ойыншылары

2 qarasha
1941

Хоккейден Қазақстан жастар чемпионатының екінші айын қорытындылаймыз.

Үздік қақпашылар – Илья Костюков пен Глеб Раков («Ақтөбе»)

Қазан айында «Ақтөбе» сегіз матчтың сегізінде жеңіске жетті және бұл нәтиженің басты қаһармандары ретінде қақпашылар Илья Костюков пен Глеб Раковты санауға болады. Бір ай ішінде екеуі барлығы 11 шайба өткізді.

Костюков 279 минуттан сәл астам ойнап, 1,51 сенімділік коэффициентімен соққылардың 94,44%-ына тойтарыс берді. Бір рет Илья мұздан шайба өткізбестен кетті. Раков мұзда 201-ге жуық минут өткізіп, әр матчта орта есеппен 1,2 шайба өткізді. Оның қоржынында сонымен қатар бір құрғақ матч пен 93,85% тойтарылған соққылар бар.

Үздік қорғаушы – Әлім Айтқалиев («Алматы»)

Оңтүстікастаналық ұжымның қорғаушысы нәтижелілік тұрғысынан айды аса өнімді өткізді. Әлім қазан айында Лиганың бесінші бомбардирі атанды, оның есебінде 12 матч бойынша 17 (5+12) ұпай бар. Өткен айда Айтқалиев тоғыз матч бойы балл жинады және екі кездесуде ғана нәтижелі іс-қимыл көрсете алмады.

Үздік шабуылшы – Николай Коев («Ақтөбе»)

«Ақтөбенің» форварды Parimatch-JastarHokeiLigasy-ның қазан айында 10 шайба салып, 10 нәтижелі пас берген жалғыз ойыншысы болды. 8 матч ішінде Коев +14 пайдалылық көрсеткішімен 23 (11+12) балл жинады, оның қоржынында 3 хет-трик пен 1 дубль бар. Қазан айында Николай бір рет қана мұздан ұпай жинамай кетті. Дәл қазір ол чемпионаттың үздік бомбардирі.

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.