Өскемендегі қарымта, Алматы маусымдағы бесінші матчын жеңді

4 qarasha
1325

Жұма қазақстандық хоккейсүйер қауымға Қазақстан жастар чемпионаты аясында төрт жекпе-жек ұсынды.

«Жас Батыр» Павлодардан төрт балмен қайтты. «Мұнайшы» екі кезең бойы тартысты. Алайда кездесудің соңы атыраулықтардың пайдасына шешілді. Жеңімпаздар құрамынан Артём Масленников дубль жасады, ал «Мұнайшыдан» екі дөп соққыны Михаил Гулый жасады.

«Мұнайшы» - «Жас Батыр» 3:5 (1:3, 2:0, 0:2)

1:0 - 00:52 - Гулый (Труш, Чигаев)

1:1 - 07:13 - Жабунин (Харченко, Баранов)

1:2 - 09:36 - Баранов (Жабунин, Харченко)

1:3 - 13:03 - Харченко (Бойцов, Баранов)

2:3 - 26:55 - Гулый

3:3 - 29:26 - Семенов (Гулый) ГБ

3:4 - 44:03 - Масленников (Харченко)

3:5 - 59:51 - Масленников (Хальзев, Алдамжаров) ГБ

Қақпашылар: Фриауф - Ваганян

«Торпедолықтар» «Ястребы» командасынан қарымта қайтарды. Жеңіс шайбасының авторы – Дмитрий Дьяченко. Алаң иелері құрамынан дубль екі рет артық құраммен гол салған Диас Рысбековке тиесілі. Өскемендіктер осы жеңісінен кейін турнир кестесінде алтыншы орынға табан тіреді.

«Торпедо» - «Ястребы» 3:2 (0:0, 2:1, 1:1)

1:0 - 27:03 - Рысбеков (Омельковец) ГБ

2:0 - 34:05 - Рысбеков (Тютюньков Д., Стальмаков) ГБ

2:1 - 35:17 - Буланов (Смелов, Шелехов)

2:2 - 46:04 - Акпирганов (Васильев) ГБ

3:2 - 50:46 - Дьяченко (Тютюньков Д.)

Қақпашылар: Эрштейн - Осипов

«Алматы» мен «Қыранның» текетіресінде оңтүстікастаналық ұжым басым түсті. Осының арқасында алаң иелері өз қарсыластарын балл бойынша қуып жетіп, плей-офф аймағына енді. Қарағандылықтар құрамынан екі гол Тимофей Симоновтың қоржынында. Алматылықтарға жеңісті Роберт Гайнуллиннің дөп соққысы сыйлады.

«Алматы» - «Қыран» 3:2 (1:1, 2:1, 0:0)

1:0 - 04:41 - Зяблов (Айдуков, Бауэр)

1:1 - 19:26 - Симонов (Алламов, Шиманович) ГБ

2:1 - 25:21 - Выговский (Филимонов, Фатыхов)

2:2 - 26:39 - Симонов (Еськов)

3:2 - 34:04 - Гайнуллин (Бауэр, Зяблов)

Қақпашылар: Рудковский - Селивёрстов

«Құлагер» тағы да «Астанадан» басым түсті, бүгінгі матч кешегіге ұқсас өтті. Петропавлдықтар бесінші орынды місе тұтты, ал «елордалықтар» қатарынан үшінші матчта жеңіліске ұшырады.

«Құлагер» - «Астана» 5:4 (1:1, 3:2, 1:1)

0:1 - 00:31 - Сулейменов (Бейсембаев, Контуганов)

1:1 - 11:35 - Емельянов (Замалиев)

1:2 - 21:33 - Оразов (Бондарев, Аманжолов) ГБ

1:3 - 31:08 - Бондарев (Аманжолов, Сатемиров) ГБ

2:3 - 35:21 - Сергушкин (Шарикпаев, Варламов)

3:3 - 36:35 - Пиниди (Замалиев)

4:3 - 39:36 - Махамадеев (Сергушкин) ГМ

5:3 - 52:44 - Махамадеев (Ербатыров, Пиниди)

5:4 - 59:54 - Контуганов (Бондарев)

Қақпашылар: Елхимов - Габдуллин (Кудимов, 39:36-60:00)

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.