Өскемендегі голдар шеруі, Ақтөбенің кезекті жеңісі

7 qarasha
812

Хоккейден Қазақстан жастар чемпионаты төрт матчпен жалғасуда.

«Торпедо» мен «Жас Батыр» Өскеменде көрерменді голға қарық қылды. Қос команда барлығы 14 шайба дарытты. Бүгін екінші кезеңді екпіндетіп өткізген алаң иелері дәлірек көздеді. Жеңімпаздар құрамынан Сергей Стальмаков, Данила Омельковец пен Максим Базанов дубль жасады. Атыраулықтардан Климент Баранов хет-трик жасады.

«Торпедо» - «Жас Батыр» 10:4 (3:2, 5:1, 2:1)

0:1 - 00:58 - Баранов (Алдамжаров, Телгожаев) ГБ

1:1 - 02:58 - Рысбеков (Якубджанов, Астраханцев)

1:2 - 03:44 - Хальзев (Масленников, Медведков)

2:2 - 12:41 - Стальмаков (Перегудов, Базанов)

3:2 - 15:44 - Мерзликин (Перегудов, Стальмаков)

4:2 - 21:29 - Омельковец (Базанов)

5:2 - 21:51 - Стальмаков

6:2 - 27:58 - Омельковец (Базанов)

6:3 - 29:49 - Баранов (Бойцов, Алдамжаров)

7:3 - 33:05 - Базанов (Стальмаков)

8:3 - 38:23 - Дьяченко (Хан, Тютюньков) ГБ

9:3 - 43:02 - Базанов (Беляков, Стальмаков)

10:3 - 43:21 - Первутинский (Киселёв)

10:4 - 47:58 - Баранов (Алдамжаров, Трибунский)

Қақпашылар: Эрштейн (Пыленок, 46:28-60:00) - Ваганян (Фанайлов, 27:58-60:00)

«Горняк» елордада ұпай жинай алмады. «Барыс» тағы да сенімді түрде жеңіске жетіп, чемпионат көшбасшысын өкшелеп қуып келеді. Астанадағы ойындардан кейін рудныйлықтарды плей-офф аймағынан үш балл бөліп тұр.

«Барыс» - «Горняк» 6:1 (1:0, 2:0, 3:1)

1:0 - 11:16 - Леута (Корчагин)

2:0 - 26:49 - Кошевник (Надейкин)

3:0 - 34:33 - Надейкин (Леута, Кошевник)

4:0 - 48:22 - Канкин (Жусупбеков, Решетько)

5:0 - 49:37 - Гросс (Кошевник, Надейкин)

5:1 - 53:19 - Поскин (Китанин)

6:1 - 57:01 - Корчагин (Диде)

Қақпашылар: Никитин - Пахоленко

«Ақтөбе» «Астананың» арынын басты. Чемпионат көшбасшысы екінші кезеңді екпіндетіп өткізіп, екі балл жинады. Дубльді чемпионаттың үздік бомбардирі Николай Коев жасады. Қонақтардың қақпашысы Илья Костюков қақпаға бағытталған 18 соққыға тойтарыс берді.

«Астана» - «Ақтөбе» 1:4 (0:0, 1:3, 0:1)

1:0 - 27:31 - Бейсембаев

1:1 - 31:47 - Коев (Цихоцкий) ГБ

1:2 - 34:55 - Калиниченко ГМ

1:3 - 39:11 - Тюлюнов (Калиниченко)

1:4 - 48:20 - Коев (Плотников)

Қақпашылар: Кудимов (Габдуллин, 50:09-59:04) - Костюков

«Мұнайшы» мен «Ястребы» арасындағы негізгі жайттар үшінші кезеңде орын алды. Матчтың соңына шаршамай жеткен оралдықтар болып, екі балл жинады. Жеңімпаздар құрамынан Дмитрий Васильев дубль жасады.

«Мұнайшы» - «Ястребы» 1:5 (0:1, 0:0, 1:4)

0:1 - 18:17 - Васильев (Терещенко, Рахимов) ГБ

0:2 - 50:37 - Акпирганов (Бастаногов) ГБ

0:3 - 53:14 - Терещенко (Рахимов) ГМ

1:3 - 59:08 - Семенов

1:4 - 59:40 - Васильев (Акпирганов, Буланов)

1:5 - 59:55 - Буланов (Шелехов, Акпирганов)

Қақпашылар: Фриауф - Какенов

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.