Барыс-Жастың қарымтасы, Құлагер үштікте

19 qarasha
876

Қазақстан жастар чемпионаты үш кездесумен жалғасуда.

«Қыран» мен «Барыс-Жас» арасындағы екінші кездесуі де тартысты өтті. Қызықтың барлығы үшінші кезеңнің соңында өтті. Елордалық хоккейшілер есепті 55-ші минутта ашып, матчты «құрғақ» жеңіске жеткізді. Асанали Саркенов дубль жасады.

«Қыран» - «Барыс-Жас» 0:3 (0:0, 0:0, 0:3)

0:1 - 54:04 - Трегубов (Демеу)

0:2 - 56:27 - Саркенов (Потапов, Манажанов) ГБ

0:3 - 59:45 - Саркенов (Оразбаев) ПВ

Қақпашылар: Дубович - Шестаков

«Құлагер» өз алаңындағы «Торпедомен» жекпе-жекте максимум ұпай жинады. Бүгінгі текетірес овертаймда аяқталды. Командаларды петропавлдықтардың үздік бомбардирлерінің бірі Данила Пиниди тарқатты. Ильгиз Нуриевтің ойыншылары қатарынан жеті матчта жеңіп, чемпионат үздіктерінің үштігіне енді.

«Құлагер» - «Торпедо» 4:3 ОТ (1:0, 1:3, 1:0, 1:0)

1:0 - 11:47 - Ербатыров (Сергушкин) ГБ

2:0 - 22:49 - Сергушкин ГМ

2:1 - 36:16 - Тютюньков (Стальмаков)

2:2 - 38:28 - Омельковец ГБ

2:3 - 39:15 - Астраханцев

3:3 - 41:27 - Харисов (Капкайкин)

4:3 - 61:26 - Пиниди (Варламов)

Қақпашылар: Коваль - Эрштейн

«Арлан» «Мұнайшыны» тағы да қиындықсыз жеңді. Бірінші кезеңде-ақ көкшетаулықтар жайлы есеп айырмашылығын орнатты. Әрі қарай есеп алшақтығы ұлғайып, павлодарлықтар қарсыластың қақпасын ала алмай қойды. Тамерлан Бейсембиев дубльдің авторы атанды.

«Арлан» - «Мұнайшы» 5:0 (3:0, 0:0, 2:0)

1:0 - 01:24 - Бейсембиев (Кощеев, Елагин) ГБ

2:0 - 09:41 - Аипов (Кентаев, Галлямов)

3:0 - 17:43 - Бейсембиев ГМ

4:0 - 51:57 - Тусупбеков ГМ

5:0 - 58:11 - Кощеев (Емельянов, Бейсембиев)

Қақпашылар: Дударкиев (Терехов, 53:46-60:00) - Фриауф

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.