Оралдағы овертайм, Барыс Атырауда гол салған жоқ

20 qarasha
760

Бүгін Қазақстанның батысында бірден екі матч өтті.

«Ястребы» мен «Алматының» кездесуі овертаймда аяқталды. Қосымша бес минутта жеңісті оралдық ұжым жұлып әкетті. Шешуші шайба Дмитрий Васильевтің қоржынында.

«Ястребы» - «Алматы» 2:1 ОТ (0:0, 1:0, 0:1, 1:0)

1:0 - 27:59 - Терещенко (Свинтальский, Бастаногов) ГБ

1:1 - 46:18 - Чернышов (Петров)

2:1 - 60:31 - Васильев (Шелехов, Буланов) ГБ

Қақпашылар: Какенов - Байдек

«Жас Батыр» қазіргі чемпион «Барысты» күтпеген жерден жеңді. Елордалық ұжым маусымда осымен екінші рет қана алаңнан шайба салмай кетті. Жеңімпаздар құрамынан Климент Баранов көзгі түсті. Осы жетістігінен кейін атыраулықтар мен бірінші орында келе жатқан «Ақтөбенің» арасын бір балл бөліп тұр.

«Жас Батыр» - «Барыс» 4:0 (0:0, 2:0, 2:0)

1:0 - 32:30 - Баранов (Харченко) ГМ

2:0 - 38:42 - Масленников (Симеониди, Фокин)

3:0 - 47:16 - Садыков (Симеониди, Телгожаев) ГБ

4:0 - 47:57 - Баранов (Медведков, Харченко) ГБ

Қақпашылар: Фанайлов - Истомин

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.