Ястребы Жас Батырдан басым түсті

1 jeltoqsan
826

Екі батыстық команданың алғашқы текетіресінде «Ястребы» дәлірек көздеді.

Кездесудің бастапқы кезеңі шайбасыз өтті. Есесіне, екінші кезеңде командалар ойынға кірісіп, голды көбейтті. «Ястребы» шешуші басымдылықты дәл осы екінші кезеңде орнатты. Ақтық ысқырық алаң иелерінің жеңісін тіркеді. Нәтижесінде «Ястребы» жинаған ұпай саны бойынша «Жас Батырмен» теңесті. Валентин Терещенко дубль жасады.

«Ястребы» - «Жас Батыр» 5:2 (0:0, 4:2, 1:0)

1:0 - 20:59 - Терещенко (Киселев)

2:0 - 22:17 - Терещенко (Рахимов)

2:1 - 28:36 - Пименов (Мануилов, Алдамжаров)

3:1 - 29:29 - Сауриков (Шелехов, Киселев)

4:1 - 33:12 - Шелехов (Буланов)

4:2 - 34:04 - Симеониди (Телгожаев, Баранов)

5:2 - 58:13 - Киселев (Шелехов)

Қақпашылар: Какенов – Ваганян (Прицкер, 33:12-60:00)

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.