Хоккейден Қазақстан жастар чемпионаты Рудный мен Оралда екі кездесумен жалғасады.
Елдің қазіргі чемпионы «Барыс» «Горнякпен» матчтың ортасына қарай үш шайба алда келе жатты. Алайда әрі қарай елордалық ұжым өзінің бар басымдылығынан айрылып қалды. Рудныйлықтар ойын барысын түбегейлі бұрып, есеп теңестіріп қана қоймай, жеңісті негізгі уақытта дубль жасаған Степан Петропвтың дөп соққысының арқасында жұлып әкетті.
«Горняк» - «Барыс» 5:4 (0:3, 2:0, 3:1)
0:1 - 08:03 - Амырканов (Кошевник, Гросс) ГБ
0:2 - 16:00 - Надейкин (Амырканов, Кошевник)
0:3 - 17:22 - Леута (Левковец, Мигунов)
1:3 - 29:10 - Буб (Утебаев)
2:3 - 39:45 - Волобуев (Китанин, Утебаев) ГБ
3:3 - 41:17 - Петров (Китанин, Слепухин)
4:3 - 43:25 - Поскин (Стенников, Слепухин)
4:4 - 45:17 - Кошевник (Надейкин, Березенский)
5:4 - 49:02 - Петров (Утебаев, Китанин)
Қақпашылар: Пахоленко – Истомин
«Ястребы» мен «Жас Батырдың» екінші текетіресінде оралдық ұжым тағы да басым түсті. Ойынның тағдырын үшінші кезеңнің орта тұсы шешті: алаң иелері арасын суытпай екі рет қарсыласты састырды. Жеңіс шайбасы Арлан Акпиргановқа тиесілі. «Ястребы» командасының қақпашысы Руслан Какенов қақпаға бағытталған 27 соққыға тойтарыс берді. Осы жетістігінен кейін оралдықтар турнир кестесінің екінші қатарына шықты.
«Ястребы» - «Жас Батыр» 4:2 (1:0, 1:2, 2:0)
1:0 - 05:15 - Терещенко (Қамиден) ГБ
1:1 - 27:22 - Медведков (Телгожаев, Масленников) ГБ
1:2 - 31:13 - Алдамжаров (Бойцов, Телгожаев) ГБ
2:2 - 35:34 - Сауриков (Киселев, Буланов)
3:2 - 48:02 - Акпирганов (Васильев)
4:2 - 49:13 - Бастаногов (Шелехов, Буланов)
Қақпашылар: Какенов - Прицкер
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.