Барыс-Жас пен Құлагердің жеңісі

9 jeltoqsan
751

Жұма күні хоккейден Қазақстан жастар чемпионаты аясында екі жекпе-жек өтті.

«Алматы» мен «Барыс-Жас» негізгі уақытта тең түсті. Овертаймда елордалық хоккейшілер дәлірек көздеп, Карим Кажибековтің дөп соққысының арқасында екі балл иеленді. Осы жеңісінен кейін «Барыс-Жас» Лиганың турнир кестесінде 11-орынға көтерілді.

«Алматы» - «Барыс-Жас» 3:4 ОТ (2:1, 0:1, 1:1, 0:1)

1:0 - 03:42 - Петров (Айткалиев, Кайрат) ГБ

1:1 - 11:42 - Алибек (Трифонов)

2:1 - 16:13 - Бауэр (Петров)

2:2 - 35:18 - Большедворский (Алибек, Оразбаев) ГМ

2:3 - 45:45 - Перкин (Болгов, Потапов) ГБ

3:3 - 52:21 - Завьялов (Кайрат, Петров)

3:4 - 61:44 - Кажибеков (Большедворский) ГБ

Қақпашылар: Байдек - Толеубай

«Құлагер» «Астанамен» екінші матчта жеңіске жету үшін біршама тер төкті. Шешуші шайбаның авторы – Данила Пиниди. Павел Анисимов дубль жасады. Петропавлдық ұжым «Ақтөбені» өкшелеп қуып келеді, «елордалықтар» кубоктік сегіздікті тұйықтайды, тоғызыншы болып келе жатқан «Арланмен» аралықты небәрі екі балл бөліп тұр.

«Астана» - «Құлагер» 4:5 (1:1, 2:2, 1:2)

1:0 - 00:35 - Аманжолов (Оразов, Бейсембаев)

1:1 - 01:05 - Ербатыров (Шарикпаев, Сергушкин)

2:1 - 24:48 - Аманжолов (Еркинов)

2:2 - 33:55 - Анисимов (Заруцкий)

2:3 - 35:03 - Сергушкин (Ербатыров)

3:3 - 39:10 - Бейсембаев (Бекеев) ГБ

3:4 - 45:13 - Анисимов (Заруцкий)

3:5 - 52:30 - Пиниди (Кузьмин) ГМ

3:5 - 55:58 - Бейсембаев ШБ

4:5 - 59:58 - Китаров (Бондарев) ГБ

Қақпашылар: Кудимов - Осипов

ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Jas Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.